Баламның таңдауына қарсы емеспін. Ата -аналармен жұмыс » «№14 мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар жалпы білім беретін орта мектебі»
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
"№14 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(726) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
апрель
2022

Баламның таңдауына қарсы емеспін. Ата -аналармен жұмыс

Тренинг

Тақырыбы: «Баламның таңдауына қарсы емеспін»


Мақсаты:

Мектеп пен ата-ана ынтымақтастығын күшейту жолымен  бала  мен ана арасындағы қарым-қатынастың ерекшелігін психологиялық жаттығулар, ойындар, тапсырмалар арқылы көрсете отырып, отбасылық тұрақтылықты  нығайтуға үлес қосу; ата-ананың мектепке, мұғалімге деген сенімін күшейту; 

Көрінекіліктер:

Түрлі қағаздар, интерактивті тақта, сиқылы таяқша, видео материалдар, слайд-шоулар. 

Кіріспе (Мұғалім сөзі)

Сәлеметсіздер ме  құрметті оқушылар, ата-аналар!

Бүгінгі өзіндік тәрбиелік мәні бар сабағымызға қош келдіңіздер! 

Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік әдеп, инабат үрдістерінің қаншалық кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен сіздердің  жекелеген отбасыларыңызда өркен жаюына, яғни,баланың ата-анасын жан жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, құрметтеуіне, инабат тағылымын үлкендерден үйрене отырып жүзеге асырып отыруларына байланысты.

Адам өмірінің мәні мен сұлулығы – баланың ата-анасын ардақтап, өзінің перзенттік қарызын бір сәт те есінен шығармауында.

Бала – ата-ана өмірінің жалғасы. 

«Баламның табанына кірген шөгір менің маңдайыма кірсін» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа қатер төнгенде 

«Өзімді алып, баламды аман қалдыр» деп құдайға жалбарынған ата-ананың жүрегі не деген кең, не деген ерекше десеңші!

Бала тәрбиесінің қызығы мен қиыншылығы қатар жүретіні бәрімізге белгілі.

Сондықтан бәріңіздің отбасыларыңызға амандық, тек жақсылық тілеймін. 

1.Шаттық шеңбері 

Енді келесі кезекте сіздерді шаттық шеңберіне шақырамын. Экранда көрсетілген балаңыздыздың есімі неге байланысты қойылғанын бір ауыз сөзбен айтып, сол есімнің бірінші әрпінен басталатын жақсы тілек айтуларыңыз керек.

 - балам айдың жарығында дүниеге келгендіктен айдай сұлу болсын деп айсұлу қойған екен. Ай қабақты сұлу, ақылды болуларыңа тілектеспін.

- баламның есімін Ержан ер мінезді жан болсын дегені, жігіттер, сіздерге нағыз ер мінезді, қыз балаларға еліктей нәзік болуларыңа тілектеспін.

Әр тілектен соң  3 рет қол соғып қошеметтеп отырамыз.




2.  «Біз бақытты жанұямыз»  Суреттер әлемі 

Ендігі кезекте тақтада балаларыңыздың өз отбасына байланысты салған суреттері бар, сол суреттерді кезепен тауып алуларыңыз керек. Ал балалар орындаңызға жайғасуға болады.  (Музыка)

- сонымен өз балаларыңыздың суретін табуда қаншалықты қиын болды?

- қандай белгісіне қарап таптыңыз?   3-4 анаға

3. Видео-ролик

Кей оқушыларға өздігіне тапсырмалар берілген болатын. Шаршағанымызды басу үшін ортаға Айдананы шақырсам…

4. Слайд-шоу балалардың өмірінен

5. «Біз  біргеміз»

Келесі тапсырмамызға көшейік

Қолдарыңызға фламастер, маркер алып алдымен аналарда ортаға шақырамыз.

Сіздер кез келген бір заттың суретті бастайсыз,  музыка тоқтаған кезде сіз де тоқтайсыз. 

Енді ортаға  сол аналардың балаларын шақырамыз, сіздерді қошеметпен орындарыңызға жайғастырамыз.

Сіздер аналарыңыз бастаған суретті аяқтап  және бір суретті бастап кетесіздер, музыка тоқтағанда тоқтатып, орындарыңызға жайғасып,  аналар ортаға шығып суретті аяқтайды.

Суреттеріңіз көңіліңізден шықты ма?

Қандай әсер алдыңыз? Тапсырма несімен ұнады? 

6.Тыныштық сәті

7. Тренинг Сиқырлы таяқша

Ортаға 4 отбасын шақырамыз.

Кез келген парақты алып сөзді оқисыз да келесі отбасына бересіз олар отбасы болып әр жаман қылықтың бір жақсы жағын ойлап табу керек.

Мысалы : 

           Сараң - Үнемшіл           

Өтірік айту - Ренжітпеу үшін

Төбелесу -  Біреуді қорғау

Сабақтан қалу - Балаға ие болу

Ұрысу - Жаманнан сақтау       

Ұшқыр ойларыңыз бен ұттқыр жауаптарыңыз үшін  көп рахмет сіздерге. 


8. Тренинг «Өтінемін»  ойыны

Тағы да сіздерді ортаға шақырамыз.

Сіздермен бір ойын ойнап көрейік

«Өтінемін»  ойыны

Құрметті ата-аналар, сіздер қандай сиқырлы күші бар сөдерді білесіздер?

Рахмет, ғафу етіңіз, өтінемін!

Мен сіздерге түрлі өтініш жасаймын, сіздер Егер  мен «Өтінемін » деген сөзді айтсам, онда орындауларыңыз қажет, Егер мен «Өтінемін » деген сөзді айтпасам, онда орындамайсыздар.

- секіріңіздер

- өтінемін, қол шапалақтаңыздар.

Рахмет, орындарыңызға жайғасуға болады.


           9. Қысқа метражды фильмі

Келесі  кезекте болашақ маман, техниканың құлағында ойнайтын мырза жігіттер сіздерге арнайы дайындаған қысқа метражды фильмі бар, соны ұсынамыз. 


10. «Жазбай танимын»  

Барлығымыз ортаға шығып  шеңбер жасайық. Құрметті аналар, бүгін біз ана мен бала арасындағы қарым – қатынасына өз үлесімізді қостық деп есептейміз. Сіздерді арнайы шақырғандықтан бізде білім алып, тәрбиеленіп отырған көз қуаныштарыңыз - балаларыңызды көздеріңіз жұмулы болса да, жазбай танитындықтарыңызда көрсетсеңіздер.  

Құрметі ата-аналар, міне бүгінгі сіздерге арналған «Менің отбасым - менің байлығым» атты шарамыз аяқталып та қалды. Бүгінгі сабақтан түйгендеріңіз, ұнаған жаттығулар, жұмыстар болса өз тілектеңізді білдіреміз десеңіздер сөз сіздерде. 

Қолдарыңыздағы параққа ұсыныс, тілек жазуларыңызды сұраймыз.

Осындай қарбас шаруасы көп күннің арасынан уақыт тауып келгендеріңізге көптен көп рахмет. Келесі жүздескенше қош сау болыңыздар!


«Шеңбер бойынша фраза»

«Қандай да бір қарапайым фразаны таңдайық, мысалы: бақта алмалар түсіп жатыр». Енді, экранның оң жағындағы ойыншыдан бастап осы фразаны кезекпен айтамыз. 

Ойынның әр қатысушысы фразаны жаңа интонациямен айтуы керек (сұраулы, қуанышты, таң қалушы, немқұрайлы және т.б.).  Егер қатысушы жаңа  еш нәрсе таба алмаса ойыннан шығады, ойын бірнеше рет ойналады. Соңында үш-төрт жеңімпаздар қалғанша. Басқа адамның интонациясын қайталауға болмайды. Назар аударуларыңды сұраймын, ойынды бастайық. Жеңімпаздарды құттықтаймыз».


«Бұзық телефон»

Жүргізуші оң жағындағы адамға көзін жұмғызып, оған қандай-да бір қимылды жасайды. Ал, ол ашық күйінде қалғанына көрсетеді, осылайша ойын жалғасады.


«Жалпы назар аудару»

Ойынның   барлық қатысушыларына бір қана қарапайым тапсырманы орындау ұсынылады. Кез-келген әдістермен, әрине физикалық әсер және жергілікті апатты қолданбай қоршағандардың назарын аударуға тырысуды талап етеді. Тапсырма ойынға қатысушылардың барлығы оны бір уақытта орындауға ұмтылуымен күрделенеді. «Бұған кім қандай жолдармен қол жеткізгенін анықтаңдар. Бастадық. Санаймыз ойын ішінде қатысушылардың назарын көп аудартқан адамды байқаймыз».



































                                                          АНЫҚТАМА.



Тренинг

          Тақырыбы: «Баламның таңдауына қарсы емеспін»

          Мақсаты:

Мектеп пен ата-ана ынтымақтастығын күшейту жолымен  бала  мен ана арасындағы қарым-қатынастың ерекшелігін психологиялық жаттығулар, ойындар, тапсырмалар арқылы көрсете отырып, отбасылық тұрақтылықты  нығайтуға үлес қосу; ата-ананың мектепке, мұғалімге деген сенімін күшейту; 


1.Шаттық шеңбері 

2.  «Біз бақытты жанұямыз»  Суреттер әлемі 

3. Видео-ролик

4. Слайд-шоу балалардың өмірінен

5. «Біз  біргеміз»

6.Тыныштық сәті

7. Тренинг Сиқырлы таяқша

8. Тренинг «Өтінемін»  ойыны

            9. Қысқа метражды фильмі

10. «Жазбай танимын»  

           11. «Шеңбер бойынша фраза»

            12. «Бұзық телефон»

        13. «Жалпы назар аудару»


Кіріспе (Мұғалім сөзі)

Сәлеметсіздер ме  құрметті оқушылар, ата-аналар!

Бүгінгі өзіндік тәрбиелік мәні бар сабағымызға қош келдіңіздер! 

Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік әдеп, инабат үрдістерінің қаншалық кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен сіздердің  жекелеген отбасыларыңызда өркен жаюына, яғни,баланың ата-анасын жан жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, құрметтеуіне, инабат тағылымын үлкендерден үйрене отырып жүзеге асырып отыруларына байланысты.

Адам өмірінің мәні мен сұлулығы – баланың ата-анасын ардақтап, өзінің перзенттік қарызын бір сәт те есінен шығармауында.

Бала – ата-ана өмірінің жалғасы. 

«Баламның табанына кірген шөгір менің маңдайыма кірсін» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа қатер төнгенде 

«Өзімді алып, баламды аман қалдыр» деп құдайға жалбарынған ата-ананың жүрегі не деген кең, не деген ерекше десеңші!

Бала тәрбиесінің қызығы мен қиыншылығы қатар жүретіні бәрімізге белгілі.

Сондықтан бәріңіздің отбасыларыңызға амандық, тек жақсылық тілеймін. 


Ұсыныс: Армансыз адам қанатсыз құспен тең . Адам армандайды қалауы болады, көп нәрсеге қызығады. Баланың таңдауына қарсы болмай қолдау көрсеткендеріңіз жақсы.




Педагог-психолог:                              Досалиева Г.А

                                                          Ахатова М.К