Әлеуметтік педагогтың қызметтік міндеттемесі » «№14 мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар жалпы білім беретін орта мектебі»
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
"№14 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(726) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
сентябрь
2021

Әлеуметтік педагогтың қызметтік міндеттемесі

Әлеуметтік педагогтың негізгі міндеттері мен қызмет мазмұны:

1.Әлеуметтік педагог өз қызметін үш бағытта жүргізеді:

1)Балалар мен отбасының мүшелеріне жүргізілетін психодиагностикалық, психокоррекциялық қызмет әдістерін негіздеп сараптайды және өңдейді.

2)Социумдағы әлеуметтік жағдайды зерттеп және оған болжам жасау арқылы отбасы мен балаларға әлеуметтік- педагогикалық нақты көмек формаларын және түрлерін ұсынады.

3)Баланың жан-жақты психологиялық дамуына жағдай жасау, оқу мен тәрбиеге теріс көзқарасты жою, салауатты өмір салтына оңды көзқарас қалыптастыру, бала тұлғасы дамуының бұзылу себептерін анықтап, алдын-ала сақтандыру шараларын жүргізу, үгіт-насихат жұмыстары арқылы педагогтар мен балалардың психологиялық, құқықтық біліктілігінің жоғары болуымен анықталады.

2.Әлеуметтік педагогтың міндеттері:

  • Баланың жас ерекшелігінің әрбір кезеңіне байланысты жеке дамуына кешенді ықпал ету;

  • Өзара қарым-қатынаста,оқу барысында қиындыққа ұшыраған оқушыларға әлеуметтік-педагогикалық көмек беруді қамтамасыз ету;

  • Оқушы отбасының тәрбие жағдайын зерттеу;

  • Баланың жеке дамуындағы ауытқушылықтың алдын-алу және болдырмау;

  • Мектеп пен тұрғылықты мекен жайында тұлғаны қорғау, тәрбиелеу және оқу-ағартудың кешенді жүргізу;

  • Оқушылардың жеке психо-медициналық және педагогикалық ерекшеліктерін зерттеу;

  • Оқушының қызығушылығын, сұранысын, мінез ауытқышылығын, шиеленісті жағдайларын анықтап, мезгілінде көмек көрсету;

  • Тәрбиеленушілердің өмірін қорғауды, қауіпсіздендіруді қамтамасыз етеді, оқушының қиындығы мен проблемаларына, тәртібіндегі ауытқулары кезеңінде тез арада әлеуметтік көмек және қолдау көрсету;

  • Тұлғаның дамуы мен тәрбие проблемаларын шешуде отбасылармен серіктестік, әріптестік қарым-қатынастар орнатып, ынтымақтастықпен жұмыс жүргізу;

  • Әлеуметтік-педагогикалық диагностика әдістемесін анықтау;