Мектепалды даярлық тобының 1 сыныпқа дайындығы » «№14 мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар жалпы білім беретін орта мектебі»
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
"№14 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(726) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
апрель
2022

Мектепалды даярлық тобының 1 сыныпқа дайындығы

Мектепалды даярлық топ оқушыларына диагностикалық зерттеу   жұмыстарын жүргізе отырып, дамыту түзету жаттығуларының  қорытындысы.

 0 «А»-12 оқушы, 0 «Ә»-11 оқушы, 0 «Б»- 12 оқушы

Сынып жетекшілері: Жанар, Камила, Асем.   

Мақсаты: Мектепалды даярлық тобының 1 сыныпқа дайындығын тексеру.

Оқушылардың таным процестерін зерттеу, қабылдау ерекшеліктерін анықтау

          Баланың мектепке бейімделуіндегі қиындықтың бірі оқу бағдарламасын игеруге кедергі келтіретін танымдық үдерістердің төмен деңгейде болуынан туындайды. Мектепке бару – бала өміріндегі маңызды оқиға. Мектепте оқу баладан дайындықты талап ететін қиын еңбек. Мектеп болашақ бірінші сынып оқушысына өз мінез құлқын, ерік-жігерін басқару, ережеге бағыну, ортаға бейімделу секілді көптеген талаптар қояды. Сонымен қатар, бала мектепке психологиялық тұрғыдан да дайын болуы керек. Осыдан барып мектептегі даярлық топтарында қандай қиындықтар туады деген сұрақ ойға келеді.

Ұлы педагог В.А.Сухомлинский: «Баланың ақыл-ой дамуын, қызығушылығын, қабілетін, бейімділігін білмей оны тәрбиелеуге болмайды», -дейді. Баланы барлық жағынан тәрбиелеу үшін, оны барлық жағынан білу керек деген дана педагогикалық шындықты әр кез есте сақтау қажет.

Мектепке дейінгі кезеңде жас ерекшелігіне сәйкес баланың өзін-өзі бағалауының сақталуы, танымдық және тұлғалық дамуы, қоршаған ортамен өзара байланыс жасауға дайындығы қарастырылады. Мектепалды даярлық топтағы балалар әр нәрсеге әуестігімен ерекшеленеді. Қазіргі кезде мектептің қойып отырған талабы-жеткіншек ұрпақтарды негізгі пәндермен терең де берік қаруландыру, ал меңгерген білімдерін күнделікті өмірде өз деңгейіндегі іскерлік шеберлікпен қолдана білу. Осы жетістіктерге жету үшін мұғалім алдындағы оқушының мінез-құлқын, сана сезімінің жетілу дәрежесін таным процестерінің (қабылдау, зейін, қиял, ес, ойлау) дұрыс қалыптасуын қадағалап әрі дамытып отыру қажет.

 Бала білуге талпынады, білімді меңгеру үстінде оны «не үшін?», «қалай?», «неге?», «неліктен?» деген сан сұрақтар мазалайды.  Мектепке дайындықтың нәтижелі болуы баланың айналадағы болмыста кездесетіндердің елеулілерін бөліп алып, оларды салыстыра отырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көре білуін, пікір айтуды үйреніп, құбылыстардың себептерін ашып, оларға қорытынды жасай білуі тиіс. Осы мәселелерді анықтау мақсатында арнайы мектеп алды даярлық тобына ойлауын, қабылдауын, зейінін дамытуға арналған жаттығулар жүргізілді

2021-2022 оқу жылының 2- тоқсанында мектепалды даярлық топтарынан: 

1. Логикалық ойлауын, зейінін дамыту.

Не артық?

Не жетіспейді?

Тапсырма: 4 сурет тұрады соның біреуі артық соны табу керек.  

Оқушылар бұл тапсырманы жақсы деңгейде орындап шықты.

2. Миға шабуыл әдісімен сұрақтар қою арқылы тексердім . Оқушылар жауап берді сабақта белсенді.


Осы оқу жылының 4- тоқсанында 

мектепалды даярлық тобына арналған диагностикалық психокаррекциялық дамыту түзету жаттығулары алынды.

1. Амандасу

Оқушылар өздерінің есімін айтады және жақсы қасиетін.

2. Ұсақ қолдың маторикасын дамыту жаттығулары 

Саусақтарын қимылдату арқылы

3. Өзіме қызмет етуді үйренемін

Бәтеңге бауын байлап үйрену, оқушыларды ептілікке шапшаңдыққа үйрету

4. Екі жақ ми қыртысына арналған жаттығуы

Дайын суретті екі қолдарымен бастырып шығады 

5. Сергіту сәті 

Би терапиясы фиксики әніне билейді

6.Таным процесін дамыту

Дөңгелек квадрат фигураларын екі қолдарымен басу арқылы жаттығу

7. Логикасын дамыту

Фазлдарды белгілі уақыт ішінде  жинау.

8. Мен топтық жұмыстарда белсендімін бе?

Шарикті оқушылар көздері жұмулы тұрғанда бір –біріне беру арқылы шапшаңдықты білеміз.

Осы жұмыстардың нәтижесі: Шырын, Дмитрий, Милана, Тамерлан, Мария, Айсұлтан, Ердос, Құралай, Нұрым,  Аңсар, Инжу, Қымбат, Нұрымхамет, Жандарбек, Ерсұлтан, Шолпан, Ерасыл, Салтанат, Айсұлтан, Жүсіп, Ұлжан, Бекжан осы оқушылардың деңгейі басқа оқушыларға қарағанда жоғары: 

Ал көп көмекті қажет ететін оқушылар:Иван,  Насыр, Абай, Артур, Жалаңтөс.

Инклюзив оқушылар  Ерсін мен Кәусар  үнемі жеке көмекті қажет етеді.

Ұсыныс: Көмекті қажет ететін оқушыларға үнемі көмек беру қолдау, сергіту сәтіне би терапиясын қолдану, ақыл-ойды, логиканы дамытатын тапсырмаларды ойын түрінде сабақ барысында көбірек қолдану. 

Қорытынды: Әр мұғалім болашақ үшін қызмет істейді.Сонымен қатар оқушыларды мадақтап, ынталандырып отырған орынды. Баланың қиялын дамыта отырып, ойын дамытамыз. Ойы дамыған шәкіртіміздің танымдық қызығушылығы арта отырып, шығармашылық әрекеті жоғары деңгейге көтеріледі.Даярлық сыныбына баратын кез-келген баланың ата-анасы, мұғалімі оның жазып,санауына ғана көңіл бөліп қоймай, заттарды салыстыра білуді, талдауды,ойлай білуді үйретуі керек.




Педагог – психолог:                  Досалиева Г.А

                                             Ахатова М.К