Психологтың І жарты жылдық есебі » «№14 мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар жалпы білім беретін орта мектебі»
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
"№14 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(726) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
январь
2022

Психологтың І жарты жылдық есебі


АНЫҚТАМА.

 Педагог - психологтың 2021-2022 оқу жылына жасалған  жоспар бойынша атқарылған жұмыстарының   жарты жылдық есебі.

Мақсаты: Білім беру ұйымдарында білім алушылар мен білім берушілердің  психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік психологиялық жағдай жасау. Мұғалім, оқушы және ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету.   

ҚЫРКҮЙЕК АЙЫ:

1. Әр  оқушыға жеке  педагогикалық –психологиялық  карта толтырылды.

2. Сананың сандық өлшемі. 1-11 сыныптардан түгел алынды. 

3. Сауалнама. 

                         1.    Басса-Дарки.   8-9 сыныптар

2.     Филлипс.    5-7 сыныптар

                        3 .   Социометрия.   3 -11 сыныптар

Осы сыныптардан сауалнамалар алынып қорытындысы шығарылды.

4. 1 сынып зейінін диагностикалау «Моншақ» әдістемесі алынды.

5. «Менің жанұям» әдістемесі  2-7 сыныптар

6. «Мен бақытты баламын»   Арт терапия 2-4 сыныптар сурет салды. 

7. Мен ең бақытты баламын» 5-7 сынып әңгіме-сұхбат.

8.  «Мен үшін өмір қымбат»  8-11 сыныптар  эссе жазды.

ҚАЗАН АЙЫ:

1.  Керн- Йирасек тесті 1сыныптар

 2. Элькониннің   «Графикалық тест» 0 сыныптар  

3. «Түймедақ» әдістемесі 5- сыныптар 

4.  «Бойдағы қысымды түсіру» мақсатында мұғалімдермен психологиялық жаттығу өткізілді  

5. 0-7 сыныптардан Зейінді дамыту және түзету жаттығулары  «Шатасқан сызықтар», 10 сөзді есте сақта, кестедегі 10 санды есіңе сақта.

6.  «Жануарлар мектебі» әдістемесі 1-11сыныптар сұраныс бойынша

ҚАРАША АЙЫ:

1. Мамандықты дұрыс   таңдау мақсатында Голланд тесті алынды 9-11 сынып оқушыларынан 

2.  О.Иллейдің сауалнамасы алынды, пәнге деген көзқарасын білу мақсатында 7-11 сынып арасында

3. «Ерекше назардағы жанұя» оқушыларымен және ерекше назардағы оқушылармен жеке жұмыстар жасалып кеңестер айтылды. 

4. ҰБТ-ке  даярлау , өз-өзіне сенімділігін қалыптастыру тренинг сабағы өтілді. 11- сынып

5. 1-11  сынып ата-аналарына  «Отбасындағы және қоғамдағы зорлық-зомбылықтар және оның зардабы» тақырыбында Ватсап желісі арқылы слайд түрінде кеңестер айтылды.

6. 5- сынып оқушыларына 5 сыныпқа бейімделу өтпелі кезең, Түймедақ әдістемесінің қорытындысы жайлы   әңгіме сұхбат кеңестер топпен және жеке айтылды.

7«Өтпелі кезеңнің физиологиялық және психологиялық ерекшелігі» пікірталас  жеке кеңестер айтылды 7- сыныппен.   

ЖЕЛТОҚСАН АЙЫ:

1. «Орта буын оқушыларының қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру» тренингі 6 сыныптар 

2. Жасөспірімдер арасында жамандықтың алдын- алу мақсатында «Мейірімді болса жүрек- орындалар тілек» тақырыбында арнайы қонақтардың қатысуымен тренинг өтілді.

2.«Мен ғажаппын» тренингі. Ұстаз бен оқушы арасына жылы қарым-қатынас орнату мақсатында 9 - сынып.

3.  Мұғалімнің сабақ өту барысында топтық жұмысына көмек көрсету мақсатында тренинг болды ұжыммен.

4. Мұғалімдерден «Шыдамдылық» тесті алынды.

5. Темперамент типін анықтадық. 

Мұғалімдердің темперамент типтерінің қорытындысы:

Темперамент түрлері.

Темперамент дегеніміз- адам бойындағы жеке ерікшеліктер. Психология ғылымының анықтауынша, темпераменттің төрт типі бар: Сангвинник, холерик, флегматик, меланхолик.

1. Сангвиник: Кендербаева Ғалия-1

2. Флегматик: Акбаева Айжан, Назира, Мира, Абдреш Мәрзия, Досжан, Анар, Ходжанова Ғалия, Жансая,  Сағи, Қамар, Арай, Жеңіс, Саулет, Ақерке, Шахира, Нұрбақыт, Жазық, Туманбаева Айжан, Лаззат, Жанар, Самал, Олга, Батырхан, Мұхтарбек- 24

3. Холерик: Кукужукова Айгүл-1

4. Меланхолик: Гүлзат, Гүлшат-2

5. Аралас типтер: Алтынай, Раушан, Ержан, Ардақ, Нысанбаева Айгүл, Абылқайыр, Меруерт, Дана, Роза, Диана, Әйгерім, Гауһар, Надежда, Камила, Рима, Света, Гүльвира, Маржан, Дүйсенкүл, Жеткер, Баян, Асем, Ларида, Керімбаева Айжан, Дархан, Айдар, Самат-27

Ұжымда 55 мұғалім олардың 

Сангвиник:1    -----------   2%

Флегматик:24--------------44%

Холерик:1-------------------2%

Меланхолик:2------------3%

Аралас типтер:27------------49%

ХОЛЕРИК: Бұл топтағы адамдар жоғары деңгейдегі психикалық белсенділігмен, қызуқандылығымен, күштілігімен, ұстамсыздығымен, қозғалғыштығымен, шапшаңдығымен ерекшеленеді. Мақсаттарына ұмтылғыш, талпыныстары зор. Холерик темпераментінің жағымды жақтары да баршылық. Ол- жігерлі, бастамашыл. 

САНГВИННИК: Бұл топтағы адамдар жоғары психикалық белсенділігімен, жұмысқа қабілеттілігімен, ептілігімен, мимикасының молдылығымен  ерекшеленеді. Бөгде адамдармен тез тіл табысады. Эмоциялары тез пайда болып, тез ауысады. Олар- ширақ, пысық, белсенді, қабілетті, ақкөңіл, қызба. Өкпесін тез ұмытады. Сәтсіздіктерді жеңіл өткереді. Көпшіл қайырымд ы. 

МЕЛАНХОЛИК: Бұл топтағы адамдар психикалық белсенділігінің төмендігімен, баяу қозғалатындығымен, тез шаршайтындығымен ерекшеленеді. Олар өте сезімтал, әсершіл келеді. Олар іштей терең күйзелістерге түседі. Тәрбиедегі кемшіліктер оның жараланғыш, өкпешіл, оқшау жүргенді ұнататын тұйық мінезді жан болып қалыптасуына әсер етеді. Эмоциялары баяу түрде болғанымен, тереңдігімен және күштілігімен сипатталады. Олар реніштерін іште сақтағыш, ойланғыш келеді. Бірақ ішкі күйін ешкімге сездірмейді. 

ФЛЕГМАТИК: Бұл топтағы адамдар психикалық төмен белсенділігімен, баяулығымен, мимикасының аздығымен ерекшеленеді. Оған бір істен екіншісіне ауысу,жаңа ортаға бейімделу өте қиын. Оның көңіл –күйі қашанда бір қалыпты.  Олар- байсалды, ұстамды, төзімді, шыдамды. Не нәрсені де ойланып жасайды. Жинақылықты ұнатады. Өзгерістерді ұнатпайды. Бастаған ісін соңына дейін жеткізеді. Кей флекматиктер кекшіл болып келеді. Адамдармен қарым-қатынаста байыпты, қажет кезде тіл табыса біледі, бірақ орынсыз сөйлемейді. Ол – жақсы дос. Оны ызаландыру қиын. Ол ұрыс- керістен  аулақ жүреді, қиындықтар кезінде өзін-өзі басқара алады. 

Қорытынды: Жасалынған жұмыстардың барлығына анықтама жазылып папкаларға салынады. Оқушы, мұғалім және ата-анадан алынған жұмыстарда папкаларға салынады. Кейбір мәліметтер психологиялық құпиялыққа байланысты айтылмайды. Сұраныс бойынша жасалынған жеке және топтық жұмыстар уақытылы журналға толтырылып отырылады.

Ұсыныс: Сіздер  өз оқушыларыңызға жақын адамсыздар. Оқушыларыңызға  дос әрі тәлімгер болуға тырысыңыз.  Барлығына бірдей мейірімді болып қамқорлық көрсетіңіз. Әрқашан ұстамды, шыдамды, байсалды болыңыз.


  

 



 

 


 


                                                  




                                                    


 

 

 


 

 

 

Педагог психолог:                     Досалиева Г.А

                                                     Ахатова М.К