Қамқоршылық кеңес » «№14 мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар жалпы білім беретін орта мектебі»
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
"№14 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(726) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
апрель
2022

Қамқоршылық кеңес

Хаттама №1

2021 жылдың 11-ші қараша күні Жалпы білім беретін №14 орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесібойынша құрылған «Қамқоршылық» кеңес отырысы өтті

Қатысқандар:
Мектеп директорының м.а: Нүсіпжан Е.Қ.
ДОІО: М.Б. Еменова
ДТІЖО:Г.Ж.Жарылқасын
Қамқоршылық кеңес мүшелері: Тұрсынова Г
Даривхан С
Үсенов Қ
Джакаева Ж
Бекназарова Ұ
Оспанова Ш
Баймухамбетова А
Капсаметова Р
Кендербаева Ғ
Рахимбай С
Әлеуметтік педагог: Омарова Д.Қ.
Күн тәртібінде:
1.Мектеп бойынша білім алушылардың ыстық тамақпен қамтылуы. Омарова Д.Қ
2.«Мектепке жол» акциясының өту барысы. Омарова Д.Қ
3. Оқытудың жаңартылған мазмұны. («Күнделік» электронды мектеп журналдарын ұстау, критериалды бағалау жүйесі туралы, қосымша білім беру ерекшеліктері) аясында ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы. Нүсіпжан Е.Қ.
4.Балалардың қауіпсіздігін ұйымдастыру, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын –алу. «Қауіпсіз мектеп» акциясының жүру барысы. Жарылқасын Г.Ж.

Тыңдалды: Әлеуметтік педагог Омарова Д.Қ.
1.Мектеп бойынша білім алушылардың ыстық тамақпен қамтылуы туралы мәлімет берілді. /Қосымша 2 бет тіркелді/
2.«Мектепке жол» акциясының өту барысы. 1 бет
3. Нүсіпжан Е.Қ.Оқытудың жаңартылған мазмұны («Күнделік» электронды мектеп журналдарын ұстау, критериалды бағалау жүйесі туралы, қосымша білім беру ерекшеліктері) аясында ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы айтып өтті. Мұғалімдердің орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті біліктері мен дағдылары қалыптасқан. Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімдер біліктілігін арттыру курсынан өтті. /Ақпарат қосымша жалғанды 2 бет/
4. Жарылқасын Г.Ж. Балалардың қауіпсіздігін ұйымдастыру, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын –алу. «Қауіпсіз мектеп» акциясының жүру барысы. /Ақпарат қоысмша жалғанды 2 бет/
Сұрақ болған жоқ
Сөйлеушілер: Мектеп директорының м.а: Нүсіпжан Е.Қ.
Білім мен тәрбие негізінің мектептен бастау алатыны, яғни, осы бағыттағы үрдістің ата-ана,мектеп, мұғалім үштігі болып бірге жұмыс жүргізгенде ғана жүзеге асатыны белгілі. «Мектепке жол» акциясының өту барысында демеушілік жасап, қайырымдылық көрсеткен кәсіпкерлер, ұстаздардан түскен қаржыны сынып жетекшілердің тапсырған сұранысы бойынша қарап, арнайы комиссия мүшелері анықтап, аз қамтылған оқушыларды керекті киім-кешекпен, оқу құралдарымен қамтамасыз етіліп отыр. Балалардың қауіпсіздігін ұйымдастыру, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын –алу жұмыстары арнайы іс-шаралар жоспары жасақталып, жоспарлы түрде көптеген шаралар алынды. Қазіргі уақытта күрделі мәселе отбасындағы зорлық-зомбылықтың көбеюі. Аталған мәселе бойынша ата-аналар жиналысы, педкеңес т.б жиналыстарда күн тәртібіне қойылып, арнайы қаралып отыр. Бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруда қосымша білім беру ұйымдары жанынан ашылған мектеп оқушылары домбыра, бокс, волейбол, баскетбол т.б сияқты үйірмелерге қатысып жүр.
Қамқоршылық кеңес мүшесі Даривъан С. Күн тәртібінде қаралған мәселелерді тыңдадық. Оның ішінде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мектепте болған уақыттағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үнемі күн тәртібінен түспеуі тиіс. Мектептің күрделі жөндеу жұмыстары біткенше бақылауды күшейту қажет.
Балалардың себепсіз сабақ қалдырмауын, бос уақытын тиімді пайдалану жолдарын қарастыру, ата-аналар тарапынан бақылау, қадағалау жүргізу керек. Қайырымдылық көмекті әлеуметтік жағдайына қарап, күнкөрісі төмен отбасылардың балаларына таратылып берілуі дұрыс деп есептеймін.
Мәслихаттармен, әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерімен, жеке кәсіпкерлермен ынтымақтастықта жұмыс жасауымыз керек.
Ұсыныс:Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу және оны болдырмау бағытында іс-шараларын жүргізе отырып, ата – аналар мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер тарапынан жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа жол бермеу, бақылауды күшейту.
Шешім:Күн тәртібінде қаралған мәселелер ерекше назарға алынсын.

Жиналыс басшысы: Нүсіпжан Е.Қ.
Жиналыс хатшысы: Кендербаева Г.О.