Хабарландыру, ата-аналар комитет жиналысының хаттамалары » «№14 мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар жалпы білім беретін орта мектебі»
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
"№14 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(726) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
апрель
2022

Хабарландыру, ата-аналар комитет жиналысының хаттамалары

«Алматы облысы білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№14 мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Өткізілген онлайн жалпы ата- аналар жиналысының
Күні: 05.11.2021
Хаттама №2
Күн тәртібінде:
1. Тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы 1 тоқсан есебі
2.Жас өспірімдер арасындағы құқық бұзушылықпен қылмыстың алдын алу- басты міндет тұралы

1.Тыңдалды

Сөйлеушілер:
Тұрсынова Г - ата- аналар комитетінің мүшесі бірінші мәселе бойынша жарыссөзге шығып, сөз алды. Біздің мектебімізде оқушылардың тату – тәтті жүруі, сабақтарын жақсы оқуы үшін барлық жағдай жасалған. Тәртіп бұзушылық шаралары жоқ. Болса да алдын алу шаралары уақытылы жүргізіліп, оқушылардың тәртіпті болып, мектеп ережесін сақтап жүруіне бағдар беретін ұстаздар бар. Мектеп әкімшілігі үнемі қадағалап отырады. Ата – аналар үнемі мектеппен байланыста.
2.Тыңдалды
1. Жарылқасын Г.Ж – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша хабарлама жасады. Хабарламада
2020-2021 оқу жылында ҚР БҒМ 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығына 10-қосымшасына сәйкес тәрбие жұмысының бағыттары бойынша іс-шаралар жоспары 16.09.2021 жылы 472 бұйрыққа өзгертілгені жайлы ақпарат берді. Жоспар бойынша 1-қыркүйек білім күні сыныптарды бойынша 1-қыркүйек білім күні 1 сыныптарға салтанатты жиын 2-11 сыныптар кабинеттерінде тәрбие сағаттарын өткізумен басталды. 17-22 қыркүйек Тілдер мерекесіне орай тіл апталығы өткізіліп, 1-11 сынып оқушылары белсенді қатысты.
1-қазан Қарттар күні мерекесіне орай 1-11 сыныптар арасында сынып сағаттар өткізілді. Қазан айының бірінші жексенбісі аталып өтетін ұстаздар мерекесі өткізілді.
Қорытындылай келе 2021-2022 оқу жылында тәрбиенің төмен көрсеткіш көрсеткен тәрбие бағыттары бойынша жандандыру жұмыстары жүргізілсін.

Сөйлеушілер :
Кендербаева Г - ата -ана күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша жарыссөзге шығып, сөз алды. №14 орта мектебінде ауызбіршілік жақсы сақталған. Іштей бөліну, т,б жағдайды естімедім. Бір үйдің баласындай екі ұлттың балалары тату – тәтті білім алуда. Мектепте түрлі шаралардың жоспары бекітіліп, оқушылардың патриоттық сезімін ояту мақсатында іс- шаралар жүргізіліп отырады.
2- мәселе бойынша қаулы:
1. 2020-2021 оқу жылы тәрбие саласы бойынша жылдық мониторингісі қанағаттанарлық деп табылсын.
2. Тәрбиенің 8 бағыты бойынша жұмыстар жандандырылсын.
3. ДТІЖО Жарылқасын Гауһарға осы қаулының орындалуын қадағалау жүктелсін.
Хатшы: Таубай А



«Алматы облысы білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№14 мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Өткізілген онлайн жалпы ата- аналар жиналысының хаттамасы
Күні: 09.09.2021
Хаттама №1
Күн тәртібінде:
1. Ата-аналар комитетін сайлау
2.Ата-аналармен атқарылатын алдағы жұмыстар туралы ұсыныс
3. Мектеп ережесімен таныстыру
ДТІЖО: Жарылқасын Г.Ж
1.Тыңдалды
Оқу жылының басында №14 орта мектебінің 1-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен онлайн жиналыс өткізілді. Онлайн жиналыс ZOOM платформасында жүргізілді. Жиналысқа мектеп директорының міндетін атқарушы Нүсіпжан Е.Қ, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Еменова М.Б, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жарылқасын Г.Ж, мектеп психологі Досалиева Г, әлеуметтік педагог Омарова Д.Қ, педагог-ұйымдастырушы Таубай А.Е қатысты.
Бірінші мәселе бойынша Жарылқасын Г.Ж сөйледі. Ол мектепте 1 – 11 сынып аралығында 32 класс комплектісі бар екендігін, сол сыныптарға бекітілген сынып жетекшілердің тізімімен, бөлінген кабинеттерімен таныстырып өтті.
Екінші мәселеде Жарылқасын Г.Ж 2021-2022 оқу жылындағы ата – аналармен атқарылатын жұмыс жоспарымен, алдағы атқарылатын іс – шаралармен таныстырды. Үшінші мәселені, ең өзекті мәселе дей отырып, мектеппен тікелей байланыста болып, үнемі мектеп әкімшілігімен тікелей байланыста болатын ата – ана комитеттерін сайлау керектігіне ұсыныс жасады. Ата – аналар бірауыздан ата – ана комитетінің төрайымы етіп
Кендербаева Г, сонымен қатар көмекшілері ретінде қазақ, орыс, сыныптарының ата – аналарынан Мадедова Л, сайланды.
Келесі мәселелерде мектеп директорының міндетін атқарушы Нүсіпжан Е.Қ оқушылардың мектеп формасын сақтау, сабақтан кешікпей келу, сабақтан себепсіз қалмау, сабақтан қалған жағдайда сынып жетекшілерге ескерту, ауырып қалған жағдайда анықтамамен келу сияқты мектептің ішкі тәртібіне тікелей бағынуы керектігін қатаң ескертті.
Ең алдымен әлеуметтік жағдайы төмен, жетім және қамқоршысыз қалған балалар толық оқулықпен қамтамасыз етілетіндігін, қалған оқулықтар басқа оқушыларға теңдей бөлініп таратылатындығы туралы да айтып өтті.
Сондай – ақ мектепке оқу құралдарын, оқу жабдықтарын сатып алуға, мектеп мұғалімдеріне сыйлық жасауға ата – аналар тарапынан ақша жинауға қатаң тыйым салынатындығын, осы аталған мәселе орын алған жағдайда қандай да бір шара қолданылатындығын ескертті. Сөз соңында ата – ана комитеті Кендербаева Г, Усенова Р сөз алып, мектеп әкімшілігінің барлық ұсыныстарын дұрыс қабылдайтындықтарын және дұрыс қабылдау керектіктерін ата – аналарға түсіндірді. Ата – аналар бірауыздан мектеп ережесін балалар сақтайтындығын, ешқандай ақша жинамайтындықтарына сөз беріп тарасты.
Мектептің әлеуметтік педагогы мектептегі ыстық тамақ жайлы ақпарат берді. Мектепке 98 оқушыға қыстық курткамен сөмке берілгені жайлы ақпарат берді, және мектеп әкімшілігі тарапынан 2 оқушыға көмек берілді. Ата-аналар комитетімен жұмыстар жасалып 4 оқушыға мектеп жабдықтары алынғандығы жайлы ақпарат берілді.
Түнгі рейд жұмыстарына да ата-аналармен тығыз жұмыстар жасалып мектеп мұғалімдерімен қатар ата-аналарда рейдтерге шықты.
Әр ай сайын сынып жетекшілер ата-аналармен онлайн жиналыс өткізіп хаттамаларын өткізді.


2020-2021 оқу жылы тәрбие саласы бойынша тоқсандық мониторингісі қанағаттанарлық деп табылсын.
Тәрбиенің 8 бағыты бойынша жұмыстар жандандырылсын.
ДТІЖО Жарылқасын Гауһарға осы қаулының орындалуын қадағалау жүктелсін.
Хатшы : Таубай А