Ата-анаға кеңес » «№14 мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар жалпы білім беретін орта мектебі»
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
"№14 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(726) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
ноябрь
2021

Ата-анаға кеңес

Психолог кеңесі

( ата – аналарға арналған)

  1. Балаңызды байыппен оятыңыз. Оянған кезде ол сіздің жылы жүзіңізді көріп, мейірімді даусыңызды естуі керек.
  2. Асықтырмаңыз, сіздің мақсатыңыз – уақытты пайдалана білу, ал егер ол сіздің қолыңыздан келмесе, балаңыз бұған кінәлі емес.
  3. Балаңызды таңертеңгілік асты ішкізбестен мектепке жібермеңіз. Балаңызды осыған үйретіңіз.
  4. Қоштасқан кезде балаңызға сәттілік тілеңіз, бірнеше жылы сөздер айтыңыз.
  5. Балаңызды мектептен сабырлықпен қарсы алыңыз. Оған сұрақ жаудырмаңыз, егер бала тым қызу қанды болып келсе, бетін қайтармаңыз, оны тыңдай біліңіз бұл сіздің көп уақытыңызды алмайды.
  6. Өз балаңыз туралы білгіңіз келсе, сіздің мұғаліммен әңгімеңіз балаңыздың көзінше болмасын.
  7. Сабаққа дайындалған кезде баланың жанында тұрмаңыз, шыдамды болыңыз,сабырлы дауыспен мақтау қолдау қажет. 
  8. Күніне жарты сағат болса да, балаңызға көңіл бөліңіз.Үй шаруасына, теледидарға, отбасындағы басқа адамдарға көңіл бөлмеңіз. Бұл сәтте сіздің балаңыздың жұмысы, қуанышы, тіпті  сәтсіздігі артығырақ.

9. Балаңыздың «басым ауырды», «шаршадым», «өзімді нашар сезініп тұрмын» деп айтқан сөзіне міндетті түрде назар аударыңыз. Көбінесе бұл қажудың обьективті көрсеткіштері болып табылады. Балаңызға ұйықтар алдында жылы сөздер айтыңыз. Бұл баланың шаршағанын басады.

                                                                Педагог психолог:                     Досалиева Г.А