Психолог кеңесі » «№14 мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар жалпы білім беретін орта мектебі»
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
"№14 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(726) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
декабрь
2021

Психолог кеңесі

Бақытқа жетудің тиімді жолдары

   1. Жылдам оқуға үйреніңіз.Ол көлемді дүниені қысқа уақытта бітіруіңізге көмектеседі.

  2.Танысқан адамдарыңыздың есімдерін ұмытпай ,олармен жақсы қатынаста болыңыз.Өмірде өзіңізді «Мен маңызды және құндымын» деп сезініңіз.

  3. Шыншыл, табанды, қарапайым және жомарт болыңыз.

4. Өзіңізді өзіңізді  жан-жақты жетілдіріңіз. Егер сіз үлкен жетістіктерге жеткіңіз келсе,өзіңізді жақсы көріңіз,құрметтеңіз.

  5. Өзіңіздің ойларыңызды жазуға күнделік арнаңыз.Оған тек жетістіктеріңізді ғана емес,қиындықтарыңызды да жазып жүріңіз.

  6. Аптасына 2 рет диетаға отырыңыз.Бұл күндері жеміс шырындарын ішіп,жаңа жұлынған жемістерді жеңіз.Сіз денеңіздің жеңілдегенін және күш қуатыңыздың толыққанын сезінесіз.

  7. Біреуді кешіре білуге үйреніңіз.Үлкен және ұсақ нәрселерді кешіруге үйренсеңіз, сіздің ойыңыз, ағзаңыз тыныштанады.

  8. Көпшіліктің алдына шығарда бір стакан жылы су ішіңіз.Рональд Рейган дауысы жағымды болуы үшін осы әдісті пайдаланған.

  9. Біреумен кездескенде тік тұрыңыз.Қимылдап,көздеріңізбен жан-жақты шолудан абай болыңыз.

  10.Әрбір қимылыңыз қатал болсын.Әрқашан өзіңіздің іс-қимылыңызбен өзгелерді таң қалдырасыз.

 11. Уақытыңызды тек маңызды нәрселерге ғана жұмсаңыз.Ұрпағыңызға бай мұра қалдыруға тырысыңыз.

  12. Аптасына бір рет ерте тұрыңыз.Серуендеңіз немесе ескі әуендер тыңдаңыз.Ыстық душ қабылдап,100 рет бүгіліңіз.Классикалық әдебиеттер оқыңыз.Өзіңізді сергек және еркін сезініңіз.

  13. Әрқашан сабарлы болыңыз өзгелер сіз туралы бәрін білуге жол бермеңіз.

  14. Көпшілік алдында сөйлей біліңіз.Не істесеңізде өзіңіз үшін істеңіз.

 15. «Дені саудың  - жаны сау» деп айтқандай, өзіңіздің денсаулығыңызды күтуді  ұмытпаңыз.

16.Біз сезімнің 83% - ын көзімізбен қабылдаймыз.Бір нәрсені ойлағанда көзді жұмып,ойды бір жүйеге келтіріп алыңыз.

  17. Жағымды жағымсызды жеңеді – дегенді өмірдің басты заңын естен шығармаңыз.


Бүгінгі күннен болашаққа естелік!