ҰБТ кеңес » «№14 мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар жалпы білім беретін орта мектебі»
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
"№14 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(726) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
апрель
2022

ҰБТ кеңес


Анықтама.

Тақырыбы: 11  сынып   оқушылары  ҰБТ – ке  даярлау, өз-өзіне  сенімділігін   қалыптастыру  тренинг  сабағы.

Мақсаты:  11 сынып   оқушыларының  ҰБТ алдындағы  өзі   -  өздеріне  деген   сенімін  нығайту.

І. Барысы:

Саламатсыздар  ма, балалар!

Сенімділік   дегеніміз  не?

Өзіңе  деген  сенімділікті қалай  арттыруға   болады?

Сен  кімге  сенесің?

Сен   бақыттысың  ба?

Жақсы  өмір  сүру   үшін адамға  қандай  қасиеттер   керек?

Сені  не   қобалжытады,сондай  кездерің  болды  ма?

1- тапсырма: «Біз  бақытты   жанұямыз.»

Шарты: Балалар  өз   жанұясы  туралы  суреттер   салады. Ата – аналары  өз балаларының   салған  суретін    тауып  алуы  керек.

2 . «Психологиялық  көмек»  жаттығуы.

«Сөйлемді  аяқта»

Ата – аналарға   «Мені   мына  қасиетім үшін  жақсы   көрмеуі  мүмкін......»

Балаға  «Бәрібір  сен    жақсысың ,  өйткені........»  Жаттығудың   психологиялық  .

Мақсаты: Қатысушылардың  өзін – өзі  төмен    бағалауын   жою.

3. «Отбасы  құндылығы»(видео  ролик)

Қорытынды: 

Өмір  -  өзен   ағып  жатыр, тынбайды,

Өмір  болмас  қасіретсіз, мұң  қайғы,

Сондықтан  да  өз – өзіңе   абай  бол,

Өмір  сені   сонда  ғана  шыңдайды.

           Педагог  психолог:                Досалиева   Г. А

                                                            Ахатова   М.