Ата анамен жұмыс » «№14 мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар жалпы білім беретін орта мектебі»
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
"№14 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(726) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
май
2022

Ата анамен жұмыс

«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№14 мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің Педагог- психологтарының Ата –анамен жүргізілген жұмыс 

ЕСЕБІ

 «Бекітемін»                                                                                                                                                                                                                                            Мектеп директоры:

Мухаметжанова К.С                                                                                                                                                                                                          «_______» ____________2021ж.


«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№14 мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің педагог-психологтарының 2021-2022 оқу жылының Ата –аналармен жұмыс жоспары.

Жұмыстың  мазмұны

Жұмыс түрі

Кіммен өткізілді

Мерзімі

Жауапты

1

Балаңызды мектепке дайындық барысында қандай қиындықтар кездесті

Психологиялық     кеңес,әңгіме, сұхбат. 

Мектеп  алды  даярлық     тобының  ата-аналармен  жұмыс

Қыркүйек

Психолог


2

«Баланың көзімен әлемнің көрінісі»

Тренинг

Бастауыш     сынып  ата-аналары


Қазан

Психолог 

3

 Баланың  сеніміне кіру  үшін     пайдалы  кеңестер.


Психологиялық     кеңес беру

7-9-11 сынып ата-аналары


Қараша

Психолог 

4

 Баланы  теледидар және  интернет     тәуелділігінен қалай қорғауға     болады


Психологиялық

кеңес

1-11 сынып     ата-аналары

Желтоқсан

Психолог  сын жет

5

Отбасылық     социограмма (Сұраныс  бойынша)


Тест  алу



1-11 сынып ата-аналары

Қаңтар

Психолог  сын     жет

6

Ата-ананың     баламен  қарым-қатынасын  нығайту


Тренинг

7-8 сынып     ата-аналары

Ақпан

Психолог сын жет

7

«Баламның     таңдауына  қарсы емеспін»


Тренинг

9-11 сынып     ата-аналары

Наурыз

Психолог

8

Ата-аналармен     жұмыс  жүргізудің  психологиялық  астарлары


Кеңес

1-11 сынып жетекшілеріне

Сәуір

Психолог 

9

Жасалған жұмыстың 


Есебі 



               1.  Балаңызды мектепке дайындық барысында қандай қиындықтар кездесті.  Психологиялық   кеңес,әңгіме, сұхбат.

Анықтама

   13.09.2022 ж күні мектепалды даярлық  оқушыларының ата – аналарына психопрофилактикалық жұмыс негізінде «Сіздің балаңыз  мектеп оқушысы» тақырыбында психологиялық кеңестер оқылды және әңгіме,сұхбат жүргізілді.1 сынып оқушылардан алынған әдістеменің қорытындысы айтылды.

Мақсаты: балалардың мектепке бейімделуіне,оқуға даярлауға,психологиялық күйзелістің алдын алуға көмектесу.

Психологиялық кеңесте айтылған мәселелер:

  • Баланың ішкі позициясы оның мектеп өмірін қалауы,сыныпта мінез – құлық ережелеріне,сыныптас жолдастарымен ерекше қарым – қатынас нормаларын,күн тәртібін,мұғалімнің талаптарын жылдам қабылдап оны қиналмастан орындауға негіз болады.
  • Бала  әрекеті мінез – құлық мотивтерін өзгертіп,бар күшін интеллектуалдық қабілетін,дадамгершілік қасиеттерін дамытуға бағыттауды қажет етеді.
  • Жаңа ережелер мен нормаларды сөзсіз орындау,талап ету кей кезде балалардың қырсықтық көрсетуіне немесе шамадан тыс шаршауына алып келуі мүмкін т.б балаға қатысты ой пікірлер айтылды.

  Қорытынды: Ата – аналар кеңестен өздеріне қажетті ақпараттарды алғандықтарын,салыстыра келе кейбір жағдайлардың орын алып жатқандықтарын айтты (түстер көруі,температураның көтерілуі,мазасыздануы).Қосымша бұл жайттардың барлығы өткінші екендігі, дәл осы уақыттта бала эмоциясына,көңіл – күйіне әсер ететін жағдайлардан аулақ болу,қателіктерді қайталамай балаларға ықпал ете отырып,психологиялық көмекті аямау керектігі айтылды.

2.             «Баланың көзімен әлемнің көрінісі» Тренинг

Анықтама.

 Қазан.

Тақырыбы:  Баланың  көзімен   әлемнің  көрініс.  ТРЕНИНГ

Мақсаты: Отбасындағы  тәрбие – өте маңызды  рөл  атқаратындығын  көрсете білу,мектеп пен ата-ана   байланысын   ынтымақтастыру өзара   серіктестік   орнату,ата-ананың,баланың   оқу-тәрбиеге қатысты   жауапкершілігін  арттыру.

1.Тренинг сабақтың  міндеті: ата-ананың балаға деген сүйіспеншілігін байқау.

2. Психологиялық   дайындық. (Бейсанаға  енгізу)

Ата-аналар үшін ойын: 

1. Өз  балаңыздың  3   жақсы  қасиетін  айтыңыздар.

2. Сіз мақтан   тұтатындай  балаңыз   мектептен  нені үйренді?

3. «Жанұя  бақыты» жаттығуы.

Мақсаты:Ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы туралы түсініктер беру арқылы ата- аналардың   білімін көтеруге   көмектесу.Жаттығуымыздың  шарты  бойынша «Жанұя  бақыты » үлгісін  құру. Яғни, ата-ана өзінің  отбасын   салу  және  отбасы   бақытын  сурет  арқылы көрсетіп , суреттің  жан-жағына отбасы сөздері  арқылы   жеткізу  керек.

- Сыйластық

- Мейірімділік

- Өзара   түсінушілік

- Татулық

- Сүйіспеншілік.

- Салауатты өмір  салты

Топ   ішінен  бір  ата-ана   жасаған  жұмысын  қорғайды.

4 «.Сөйлемді  аяқта» әдістемесі.

  • Мен өз  отбасымды   жақсы көрем,себебі...................
  • Отбасы бұл....................
  • Отбасы  бақытты   болу   үшін..................
  • Отбасымда зорлық-зомбылыққа   жол жоқ, себебі...................
  • Мен  қалар  едім   отбасымның....................

5. «Өтінемін» ойыны.

Мақсаты: Ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту,бір-біріне көңіл бөлу, бірін-бірі тыңдай білуге үйрету.

Қатысушылар   ортаға  жарты шеңбер  болып   тұрады.

- Құрметті  ата-аналар! Сіздер,қандай сиқырлы күші бар  сөздерді білесіздер?

- Рахмет,өтінемін,кешіріңіз,ризамын  т.б

- Мен    әр  түрлі өтініштер жасаймын,егер мен «өтінемін» деген  сөзді айтсам сіздер оны орындауларыңыз қажет, «өтінемін» -деген сөзді айтпасам, сіздер сол өтінішті орындамайсыздар.

- Секіріңдер

- Оң аяқтарыңды қол шапалақтаңыздар

- Өтінемін,бір-біріңді құшақтаңыздар

- Оң қолдарыңмен сол құлақтарыңды уқалаңыздар.

Ой-түйін: «Сиқырлы жүрек»

Нұсқау: Ал,енді мына жүреке назар аударайық.Ол тірі емес,біз қазір оған жан береміз.Мына жүрекшелердің артына балаға деген ақ тілектеріңізді оқи отырып,үлкен жүрекке жапсырайық.Жүрек тірілді,ол үнемі дүрсілдеп соғып тұрады.


Қорытынды : « Бала туылғанда   ақ  қағаздай болып таза туады,оның үстіне  шимақты  қалай   салсаң ,қағаз  бетіне солай түседі,бала тәрбиесі де солай сияқты,өзің қалай тәрбиелесең,ол солай тәрбиеленеді- деген екен.» Ендеше ата-аналар, қолымыздағы  алтынымызды   жақсылап тәрбиелейік  және біздер оларға үлгі болар бейне екен дегенімізді ұмытпайық.Олай болса балаға әрдайым  жылы сөздер айтып,дұрыс тәрбие беруге сіз болып,біз болып бірге атсалысайық.

3.    Баланың  сеніміне кіру   үшін  пайдалы  кеңестер.

                                    Кеңес.

1. Балаңызға  қандай  жағдайда болса да көмек сұрап келген  кезде көмектесуге әзір  болыңыз.

Өйткені балаңыздың  сеніммен  қарайтын    жақын  жан текқан сіз.

2. Мектепте күнделікті болып  жатқан оқиғалар  туралы  балаңыздың ұстазынын  сұрап   біліп  отырыңыз.

Өйткені қызым үйде, қылығы түзде  шығады.

3. Балаңыздың  бойындағы, көңіл-күйіндегі өзгерістерді үнемі  бақылап  жүріңіз.

Өйткені балаңызбен неғұрлым салмақты кейіпте сөйлессеңіз, ол соғұрлым салмақты  болып өседі.

4. Әр  түрлі шешімі қиын мәселелерге байланысты  пайдалы ақыл кеңестер  беруге   тырысыңыз.

Балаға өзіңнің  жақсы  қасиеттеріңмен  үлгі болып, мейірімге сусындатып, құрметпен, жайдары көңіл күй сыйлай біліңіз.

5. Балаңыздың достарының қандай екенін ертерек   анықтаңыз.

Ағаш тамырымен  мықты,

Адам дос-жарымен  мықты деген.

6. Балаңыздың мектепте және мектептен   тыс  уақыттағы  тәрбиесін үнемі  қадағалап   отырыңыз.

Балаңыздың жақсы болуы қасындағы досынан  білінеді және  оның  ата-анасымен жылы, жақсы  қарым-қатынаста болуы.

7. Балаңыздың  болашағына – отбасындағы тәрбиесінің елеулі әсер тигізетінін   ұмытпаңыз.

Бала отбасының  айнасы. Баланың тәрбиелі  болуы үйдегі   тәрбиеден.

8. Балаңызға  берген  уәдеңізді   әрқашанда  орындаңыз.

Өйткені  балаға   сенімсіздік  тудырасыз және  сонымен   қатар  өзіңіз уәдеге  берік болсаңыз  балада  сізге   ұқсағысы  келеді.


                                                      Анықтама

     Қараша

Тақырыбы: Баланың сеніміне   кіру  үшін  пайдалы   кеңестер.

Мақсаты: Баланың сеніміне кіруге   жағдай  жасауға  тырысыңыз және эмоционалдық – баланың  мүмкіндігіне сенімділік  артыңыз.

1. Балаңызға  қандай   жағдайда болса да көмек сұрап келген   кезде көмектесуге әзір  болыңыз.

Өйткені балаңыздың  сеніммен  қарайтын    жақын  жан  текқан сіз.

2. Мектепте күнделікті болып  жатқан оқиғалар  туралы   балаңыздың ұстазынын  сұрап  біліп   отырыңыз.

Өйткені қызым үйде, қылығы түзде  шығады.

3. Балаңыздың  бойындағы, көңіл-күйіндегі өзгерістерді үнемі  бақылап  жүріңіз.

Өйткені балаңызбен неғұрлым салмақты кейіпте сөйлессеңіз, ол соғұрлым салмақты  болып өседі.

4. Әр   түрлі шешімі қиын мәселелерге байланысты   пайдалы ақыл кеңестер  беруге  тырысыңыз.

Балаға өзіңнің  жақсы  қасиеттеріңмен  үлгі болып, мейірімге сусындатып, құрметпен, жайдары көңіл күй сыйлай біліңіз.

5. Балаңыздың достарының қандай екенін  ертерек анықтаңыз. 

Ағаш тамырымен  мықты,

Адам дос-жарымен  мықты  деген.

6. Балаңыздың мектепте және мектептен  тыс  уақыттағы   тәрбиесін үнемі  қадағалап  отырыңыз.

Балаңыздың жақсы болуы қасындағы досынан  білінеді және  оның  ата-анасымен жылы, жақсы  қарым-қатынаста болуы.

7. Балаңыздың  болашағына – отбасындағы тәрбиесінің елеулі әсер тигізетінін  ұмытпаңыз.

Бала отбасының  айнасы. Баланың тәрбиелі  болуы үйдегі   тәрбиеден.

8. Балаңызға  берген   уәдеңізді  әрқашанда  орындаңыз.

Өйткені  балаға   сенімсіздік  тудырасыз және  сонымен   қатар  өзіңіз уәдеге  берік болсаңыз  балада   сізге  ұқсағысы  келеді.

Кері  байланыс: Ата-ана тәрбиесінің өз  жемісін  беру,баланың   тәрбиелі  болып ер жетуі көп  жағдайда бала мен  ата-ана арасында өзара сенімнің болуына  байланысты   екенін  айтып  талдады. Алдағы уақытта осы  ақыл   кеңестерді үнемі балаларына   қолданып отыратынын  айтты.

4.   Баланы  теледидар және  интернет   тәуелділігінен қалай қорғауға   болады.

                            Ата – аналарға    кеңес.

1.  Балаңыз теледидар  көргенде дұрыс  отырғанын   қадағалаңыз.

Өйткені  теледидар   арасындағы арақашықтық  2 метр  шамасында  болуы   қажет және  теледидар  көргенде, бөлме  жарық болғаны   дұрыс.

2.  Теледидардың   зардабын  сіз  біліп   жүргеніңіз  абзал.

Мысалы: Үнемі,қозғалыссыз  және тапжылмай  отырып   көру баланың  жүйкесіне  салмақ түсіреді  және баланың   жетілуін тежейді.

3. Теледидар мен телефонды  ұзақ  көруге   жол  бермеңіз.

Өйткені  баланың   көру  қабілеті  біртіндеп   нашарлайды.

4. Теледидар  алдында  ұзақ   отырудың зияны мидың  жұмыс  істеуін баяулатады. Ол  шығармашылық   ойлау  қабілетінен  айырады.

Бала  бүкіл   ақыл – ой  мен  идея – теледидарда  деп   түсінеді.

5.  Балаға теледидар  мен  интернет  желісін   мөлшерінен  артық  пайдаландырмаңыз.

Өйткені  баланың   есте сақтау қабілеті  нашарлайды және  сабақты  оқу   мен  оны  қабылдау   процесі  төмендейді.

6. Бала  өзге  нәрсеге әуестенсе мысалы: (Instagram, Facebook  TikTok, терефонмен  ойындар) желілері  арқылы   қызығушылығын  жоғалтады.

Өйткені  мақсат қайып   жұмыс  істеуге  дағдыланбайды және  белсенді   әрекеті  нашарлайды.



Анықтама.

Желтоқсан

Тақырыбы:  Баланы теледидар  және  интернет тәуелділігінен  қалай   қорғауға  болады.

      1012.22 ж  1-11 сынып   оқушылардың  ата-аналарына психологиялық кеңестер  оқылып  қортындысы   айтылды. 

Мақсаты: Ғасырдың  ең  озық   жетістіктерінің зияндылығы  туралы білуге алдын  алуға  көмектесу.

1.   Балаңыз теледидар  көргенде дұрыс  отырғанын  қадағалаңыз.

Өйткені  теледидар   арасындағы арақашықтық  2 метр  шамасында  болуы   қажет және  теледидар  көргенде, бөлме  жарық болғаны   дұрыс.

2.   Теледидардың  зардабын  сіз   біліп  жүргеніңіз  абзал.

Мысалы: Үнемі,қозғалыссыз  және тапжылмай  отырып   көру баланың  жүйкесіне  салмақ түсіреді  және баланың   жетілуін тежейді.

3. Теледидар мен телефонды  ұзақ   көруге  жол  бермеңіз.

Өйткені  баланың   көру  қабілеті  біртіндеп   нашарлайды.

4. Теледидар  алдында   ұзақ  отырудың зияны мидың  жұмыс   істеуін баяулатады. Ол   шығармашылық  ойлау  қабілетінен   айырады.

Бала  бүкіл   ақыл – ой  мен  идея – теледидарда  деп   түсінеді.

5.   Балаға теледидар  мен  интернет   желісін  мөлшерінен  артық   пайдаландырмаңыз.

Өйткені  баланың   есте сақтау қабілеті  нашарлайды және  сабақты  оқу   мен  оны  қабылдау   процесі  төмендейді.

6. Бала  өзге   нәрсеге әуестенсе мысалы: (Instagram, Facebook  TikTok, терефонмен  ойындар) желілері  арқылы   қызығушылығын  жоғалтады.

Өйткені  мақсат қайып   жұмыс  істеуге  дағдыланбайды және  белсенді   әрекеті  нашарлайды.

Кері  байланыс: Ата-аналар   кеңестен  өздеріне  көптеген   ақпараттарды  алғандықтарын және  салыстыра  келе  теледидардан  және интернетке  деген тәуелділіктің  салдарынан  балалардың денсаулығы  ғана   емес, ойлау, сөйлеу, жазу мәдениеті де   төмендегенін  айтты.(Instagram, Facebook  TikTok, телефонмен  ойындар   ойнатпауға  ) қосымша балаларды ғаламтордан  арылту мақсатында  саябаққа және   музейлерге жіберуге болатындығы   жайлы пікірлерін білдірді.

Қорытынды: Балаларға  білім   алу  уақытында сабаққа  бару,сабақ уақытында  сабақ   оқу,ойын  уақытында  ойнау керектігін ұдайы  жеткізіп   отырған  жөн.


5.    Отбасылық  социограмма (Сұраныс  бойынша)

Анықтама.

   Қаңтар

Тақырыбы: Отбасылық  социограмма. (Сұраныс  бойынша)

Мақсаты: Отбасылық  қарым   - қатынысты  анықтау.

1. Барысы:

Сәлеметсіздерме.


2. Психологиялық   дайындық. (подсознанияға енгізу)

3. Кері байланыс.


ІІ.  «Менің жақсы қасиеттерім»

1. Менің жақсы қасиеттерім..............

2. Менің қабілетім  мен талантым.......

3. Менің   жетісттіктерім......


21 .01.22 ж  1-11 сыныптарынан  отбасылық  социограмма алынды. 

ІІІ. Әдістеменің  мазмұны. Сыналушыларға диаметірі   110  мм болатын  шеңбер   салуға парақ  беріледі.

Нұсқау: Парақ бетінде шеңбер саламыз оның  ішінде өзіңді «Мен» және отбасы  мүшелерін дөңгелекпен  белгілеңіз. Әр дөңгелекке аттарын  жазып   қойыңыз. 

Нәтижесін шығару  белгілері:

1. Шеңбер ішіне енген   отбасы  мүшелері.

2. Дөңгелектің   көлемі.

3. Дөңгелектердің бір-біріне  қала   орналасуы.

4.  Ара қашықтығы.


ІV. Қорытынды:

Бұл  әдістеменің қорытындысында  барлық   балалар үшін отбасы мүшелерімен жақсы қарым -  қатынастарын   көрсетті. Кейбір  суреттерге  байланысты   жекелеген  жұмыстар  жүргізілді.

6.       Ата-ананың  баламен   қарым-қатынасын  нығайту. Тренинг

 Анықтама.

Ақпан

Тақырыбы: Ата-ананың   баламен  қарым-қатынасын  нығайту.

Бұл  тренинг ата – аналармен  өткізіледі.

Мақсаты: Ата – ананың  бала  тәрбиелеудегі   оң  психологиялық  көзқарасын, балаға  деген   жауапкершілік  сезімін  қалыптастыру.

Жаттығу  міндеті:   Ата – ананың  балаға деген  сүйіспеншілігін  байқау; өзінің және  өзгенің даралығын  бағалау,өзін   құрменттеу; көңіл -  күйді көтеру,сезім  мен  эмоцияны   реттеу.

Жаттығу өткізуге: Түрлі – түсті қағаз, желім, плакат.

І.  Барысы.

Сәлемдесу.

1. Жаттығу. «Танысу»

Нұсқау.Барлық  ата-аналар шеңбер  бойымен  тұрады. Алдымен өз  есімдеріңіздің  алдына   адамның  бойында бар  жақсы   қасиеттің  біреуін айтып,өзіңіз  туралы  қысқаша   мәлімет беруіңіз  керек.

Мысалы: Мен әдемі  Маржан.

ІІ. Сұрақ – жауап.

Мақсаты: Ата-ананың   балаға  деген  көңіл   бөлуін  байқау.

Барысы:  Қағазды  екіге   бөліп, бір  жағына баланы мақтау кезінде қолданылатын  сөздер, ал  екінші жағына, сөгіс жариялау кезінде  қолданылатын   сөздерді  жазыңыз.

Қай бөлікте   сөздердің  көп  болғандығы   жайында  сараптама  жасалып, ата-аналарға  қорытынды   жасау  ұсынылады.

ІІІ.  Жаттығу. «Жанұя  бақыты» жаттығуы.

Мақсаты: Ата-ананың  бала  тәрбиесіндегі   қарым-қатынасы  туралы  түсініктер   беру арқылы  ата – аналарының  білімін   көтеруге  көмектесу.

Нұсқау. «Бақытты жанұя» моделін құру. Ата – ана өзінің  отбасын салу   және  отбасы  бақытын сурет   арқылы  көрсетіп, суреттің  жан   жағына  отбасын сөздер  арқылы   жеткізу  керек.

ІV. «Сөйлемді  аяқта»  әдістемесі.

Мен  өз  отбасымды   жақсы  көремін.......

Отбасы бұл....

Отбасымда бақытты болу   үшін.....

Отбасымда   зорлық-зомбылыққа  жол  жоқ, себебі....

Мен  қалар   едім отбасымның....

Қорытынды: Ата-аналар  бүгінгі   жаттығулардан керемет  әсер  алғанын   айтты. Отбасында  ата-ана  мен   баланың  қарым-қатынасының   маңызды   рөл атқаратыны  жайында  өзара   пікір  алмасты. Ата-ана  балаларына   мейірімділігімен , сүйіспеншілігімен әрдайым  тығыз   қатынаста  болуы және балаларын  шексіз  жақсы   көруі  қажет.

Ұсыныс: Ата-аналар   үнемі  балаларына  өздерінің   қолдауларын  көрсетіп  отырсын   және  ата-ана мен  балалардың   қарым-қатынастарын  нығайту  барысында психологиялық көмектер   беріліп отыру  мектеп   психологтары  Досалиева  Гульвирамен, Ахатова Маржанға   жүктелсін.                                              



7.     «Баламның  таңдауына   қарсы емеспін»

Тренинг

Тақырыбы: «Баламның таңдауына қарсы емеспін»

Мақсаты:

Мектеп пен ата-ана ынтымақтастығын күшейту жолымен  бала  мен ана арасындағы қарым-қатынастың ерекшелігін психологиялық жаттығулар, ойындар, тапсырмалар арқылы көрсете отырып, отбасылық тұрақтылықты  нығайтуға үлес қосу; ата-ананың мектепке, мұғалімге деген сенімін күшейту; 

Көрінекіліктер:

Түрлі қағаздар, интерактивті тақта, сиқылы таяқша, видео материалдар, слайд-шоулар. 

Кіріспе (Мұғалім сөзі)

Сәлеметсіздер ме  құрметті оқушылар, ата-аналар!

Бүгінгі өзіндік тәрбиелік мәні бар сабағымызға қош келдіңіздер! 

Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік әдеп, инабат үрдістерінің қаншалық кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен сіздердің  жекелеген отбасыларыңызда өркен жаюына, яғни,баланың ата-анасын жан жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, құрметтеуіне, инабат тағылымын үлкендерден үйрене отырып жүзеге асырып отыруларына байланысты.

Адам өмірінің мәні мен сұлулығы – баланың ата-анасын ардақтап, өзінің перзенттік қарызын бір сәт те есінен шығармауында.

Бала – ата-ана өмірінің жалғасы. 

«Баламның табанына кірген шөгір менің маңдайыма кірсін» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа қатер төнгенде 

«Өзімді алып, баламды аман қалдыр» деп құдайға жалбарынған ата-ананың жүрегі не деген кең, не деген ерекше десеңші!

Бала тәрбиесінің қызығы мен қиыншылығы қатар жүретіні бәрімізге белгілі.

Сондықтан бәріңіздің отбасыларыңызға амандық, тек жақсылық тілеймін. 

1.Шаттық шеңбері 

Енді келесі кезекте сіздерді шаттық шеңберіне шақырамын. Экранда көрсетілген балаңыздыздың есімі неге байланысты қойылғанын бір ауыз сөзбен айтып, сол есімнің бірінші әрпінен басталатын жақсы тілек айтуларыңыз керек.

 - балам айдың жарығында дүниеге келгендіктен айдай сұлу болсын деп айсұлу қойған екен. Ай қабақты сұлу, ақылды болуларыңа тілектеспін.

- баламның есімін Ержан ер мінезді жан болсын дегені, жігіттер, сіздерге нағыз ер мінезді, қыз балаларға еліктей нәзік болуларыңа тілектеспін.

Әр тілектен соң  3 рет қол соғып қошеметтеп отырамыз.

2.  «Біз бақытты жанұямыз»  Суреттер әлемі 

Ендігі кезекте тақтада балаларыңыздың өз отбасына байланысты салған суреттері бар, сол суреттерді кезепен тауып алуларыңыз керек. Ал балалар орындаңызға жайғасуға болады.  (Музыка)

- сонымен өз балаларыңыздың суретін табуда қаншалықты қиын болды?

- қандай белгісіне қарап таптыңыз?   3-4 анаға

3. Видео-ролик

Кей оқушыларға өздігіне тапсырмалар берілген болатын. Шаршағанымызды басу үшін ортаға Айдананы шақырсам…

4. Слайд-шоу балалардың өмірінен

5. «Біз  біргеміз»

Келесі тапсырмамызға көшейік

Қолдарыңызға фламастер, маркер алып алдымен аналарда ортаға шақырамыз.

Сіздер кез келген бір заттың суретті бастайсыз,  музыка тоқтаған кезде сіз де тоқтайсыз. 

Енді ортаға  сол аналардың балаларын шақырамыз, сіздерді қошеметпен орындарыңызға жайғастырамыз.

Сіздер аналарыңыз бастаған суретті аяқтап  және бір суретті бастап кетесіздер, музыка тоқтағанда тоқтатып, орындарыңызға жайғасып,  аналар ортаға шығып суретті аяқтайды.

Суреттеріңіз көңіліңізден шықты ма?

Қандай әсер алдыңыз? Тапсырма несімен ұнады? 

6.Тыныштық сәті

7. Тренинг Сиқырлы таяқша

Ортаға 4 отбасын шақырамыз.

Кез келген парақты алып сөзді оқисыз да келесі отбасына бересіз олар отбасы болып әр жаман қылықтың бір жақсы жағын ойлап табу керек.

Мысалы : 

        Сараң - Үнемшіл           

Өтірік айту - Ренжітпеу үшін

Төбелесу -  Біреуді қорғау

Сабақтан қалу - Балаға ие болу

Ұрысу - Жаманнан сақтау       

Ұшқыр ойларыңыз бен ұттқыр жауаптарыңыз үшін  көп рахмет сіздерге. 

8. Тренинг «Өтінемін»  ойыны

Тағы да сіздерді ортаға шақырамыз.

Сіздермен бір ойын ойнап көрейік

«Өтінемін»  ойыны

Құрметті ата-аналар, сіздер қандай сиқырлы күші бар сөдерді білесіздер?

Рахмет, ғафу етіңіз, өтінемін!

Мен сіздерге түрлі өтініш жасаймын, сіздер Егер  мен «Өтінемін » деген сөзді айтсам, онда орындауларыңыз қажет, Егер мен «Өтінемін » деген сөзді айтпасам, онда орындамайсыздар.

- секіріңіздер

- өтінемін, қол шапалақтаңыздар.

Рахмет, орындарыңызға жайғасуға болады.

        9. Қысқа метражды фильмі

Келесі  кезекте болашақ маман, техниканың құлағында ойнайтын мырза жігіттер сіздерге арнайы дайындаған қысқа метражды фильмі бар, соны ұсынамыз. 

10. «Жазбай танимын»  

Барлығымыз ортаға шығып  шеңбер жасайық. Құрметті аналар, бүгін біз ана мен бала арасындағы қарым – қатынасына өз үлесімізді қостық деп есептейміз. Сіздерді арнайы шақырғандықтан бізде білім алып, тәрбиеленіп отырған көз қуаныштарыңыз - балаларыңызды көздеріңіз жұмулы болса да, жазбай танитындықтарыңызда көрсетсеңіздер.  

Құрметі ата-аналар, міне бүгінгі сіздерге арналған «Менің отбасым - менің байлығым» атты шарамыз аяқталып та қалды. Бүгінгі сабақтан түйгендеріңіз, ұнаған жаттығулар, жұмыстар болса өз тілектеңізді білдіреміз десеңіздер сөз сіздерде. 

Қолдарыңыздағы параққа ұсыныс, тілек жазуларыңызды сұраймыз.

Осындай қарбас шаруасы көп күннің арасынан уақыт тауып келгендеріңізге көптен көп рахмет. Келесі жүздескенше қош сау болыңыздар! 

«Шеңбер бойынша фраза»

«Қандай да бір қарапайым фразаны таңдайық, мысалы: бақта алмалар түсіп жатыр». Енді, экранның оң жағындағы ойыншыдан бастап осы фразаны кезекпен айтамыз. 

Ойынның әр қатысушысы фразаны жаңа интонациямен айтуы керек (сұраулы, қуанышты, таң қалушы, немқұрайлы және т.б.).  Егер қатысушы жаңа  еш нәрсе таба алмаса ойыннан шығады, ойын бірнеше рет ойналады. Соңында үш-төрт жеңімпаздар қалғанша. Басқа адамның интонациясын қайталауға болмайды. Назар аударуларыңды сұраймын, ойынды бастайық. Жеңімпаздарды құттықтаймыз».

«Бұзық телефон»

Жүргізуші оң жағындағы адамға көзін жұмғызып, оған қандай-да бір қимылды жасайды. Ал, ол ашық күйінде қалғанына көрсетеді, осылайша ойын жалғасады.

«Жалпы назар аудару»

Ойынның  барлық қатысушыларына бір қана қарапайым тапсырманы орындау ұсынылады. Кез-келген әдістермен, әрине физикалық әсер және жергілікті апатты қолданбай қоршағандардың назарын аударуға тырысуды талап етеді. Тапсырма ойынға қатысушылардың барлығы оны бір уақытта орындауға ұмтылуымен күрделенеді. «Бұған кім қандай жолдармен қол жеткізгенін анықтаңдар. Бастадық. Санаймыз ойын ішінде қатысушылардың назарын көп аудартқан адамды байқаймыз».                                                       

АНЫҚТАМА.

Тренинг

        Тақырыбы: «Баламның таңдауына қарсы емеспін»

        Мақсаты:

Мектеп пен ата-ана ынтымақтастығын күшейту жолымен  бала  мен ана арасындағы қарым-қатынастың ерекшелігін психологиялық жаттығулар, ойындар, тапсырмалар арқылы көрсете отырып, отбасылық тұрақтылықты  нығайтуға үлес қосу; ата-ананың мектепке, мұғалімге деген сенімін күшейту; 

1.Шаттық шеңбері 

2.  «Біз бақытты жанұямыз»  Суреттер әлемі 

3. Видео-ролик

4. Слайд-шоу балалардың өмірінен

5. «Біз  біргеміз»

6.Тыныштық сәті

7. Тренинг Сиқырлы таяқша

8. Тренинг «Өтінемін»  ойыны

            9. Қысқа метражды фильмі

10. «Жазбай танимын»  

         11. «Шеңбер бойынша фраза»

         12. «Бұзық телефон»

      13. «Жалпы назар аудару»

Кіріспе (Мұғалім сөзі)

Сәлеметсіздер ме  құрметті оқушылар, ата-аналар!

Бүгінгі өзіндік тәрбиелік мәні бар сабағымызға қош келдіңіздер! 

Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік әдеп, инабат үрдістерінің қаншалық кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен сіздердің  жекелеген отбасыларыңызда өркен жаюына, яғни,баланың ата-анасын жан жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, құрметтеуіне, инабат тағылымын үлкендерден үйрене отырып жүзеге асырып отыруларына байланысты.

Адам өмірінің мәні мен сұлулығы – баланың ата-анасын ардақтап, өзінің перзенттік қарызын бір сәт те есінен шығармауында.

Бала – ата-ана өмірінің жалғасы. 

«Баламның табанына кірген шөгір менің маңдайыма кірсін» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа қатер төнгенде 

«Өзімді алып, баламды аман қалдыр» деп құдайға жалбарынған ата-ананың жүрегі не деген кең, не деген ерекше десеңші!

Бала тәрбиесінің қызығы мен қиыншылығы қатар жүретіні бәрімізге белгілі.

Сондықтан бәріңіздің отбасыларыңызға амандық, тек жақсылық тілеймін. 

Ұсыныс: Армансыз адам қанатсыз құспен тең . Адам армандайды қалауы болады, көп нәрсеге қызығады. Баланың таңдауына қарсы болмай қолдау көрсеткендеріңіз жақсы.

8.   Ата-аналармен  жұмыс   жүргізудің  психологиялық  астарлары

Анықтама.

   Сәуір

Тақырыбы: Ата – аналармен жұмыс жүргізудің  психологиялық   астарлары.

Мақсаты: Бала   тәрбиесіндегі  мектеппен  отбасы   ынтымақтастығын нығайту.

        12 04.22ж  1 – 11 сынып   жетекшілеріне және   ата-аналармен   жұмыс  жүргізуге   психологиялық кеңестер  беру. 

1. Балаға ата – анасы  көшбасшы.

Өйткені ата-анасы көш  бастайтын үлгі болуы қажет  бала үшін.Ата-ана әрбір іс-әрекетіне мән  беруі   қажет.Білікті,білімді,қандай   жағдай болмасын,сабырмен қабылдап,нені   болмасын,сабырмен қабылдай   алатын  көшбасшының (ата-ананың) соңынан  ереді бала.

2. Балаңызға үнемі іс-әрекетіне   лайықты  мақтау  сөздер   көбірек айтыңыз.

Өйткені   үйге  келген  қонақпен   сәлемдесіп,ол қайтар  кезде қоштасуды ешкім үйретпей-ақ өз   бетінше  орындаған баланың  ісі-мақтауға   тұрарлық.Алғашқы байқаған   сәтіңізде-ақ оның  дұрыс жасағандығын,жақсы  баланың  үнемі   осылай  жасайтындығын мейірімді  жүзбен  күлімсірей айта  отырып   мақтасаңыз,оның  бойында жақсы әдетке  деген  қызығушылығын   оятасыз.Себебі  кез – келген  бала   мақтау  сүйеді.

3. Түсініспеушілікті  баламен   бірге  шешуден қорықпаңыз.

Баланың кейбір қылықтарына ашуланбау мүмкін емес.Міне,осындай кезде оған ашулануыңыздың себебін сабырлы   кезіңізде  түсіндіруден  қашпаңыз. 

4. «Болмайды!» деп айғайлауға  болмайды.

Бала  да  ата-анасы сияқты  отбасының   бір  мүшесі.Оның  өз   орны  және құқығы  бар.Отбасы мүшелерінің  қарым – қатынасында да шекара болуға  тиіс. Егер баланың  қандай да   бір іс – қимылы сізге жағымсыз   болса,ыңғайсыздық тудырып   жатса,оған  шектеу қойғаныңыз  дұрыс.

5. «Болатын»  және   «болмайтынның» шекарасы.

Балаға берілетін  дұрыс  тәрбие   «болатын»  және  «болмайтынның» іс-әрекеттерді  айқындайтын нақты  шекарадан   тұрады. Балаға  үнемі ненің дұрыс,ал  ненің  бұрыс   екендігін, қандай  іс-әрекеттердің оң, қай қылығының  теріс  екендігін түсіндіріп  отыру   қажет.


Кері  байланыс: Сынып  жетекшілер өздеріне  көптеген   ақпараттарды  алғандықтарын  айтты. 

Педагог психолог:                   Досалиева. Г.

                                                                          Ахатова. М