Психологтардың 2022 жылғы есебі » «№14 мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар жалпы білім беретін орта мектебі»
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
"№14 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(726) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
май
2022

Психологтардың 2022 жылғы есебі



«Бекітемін»                                                                                                                                                                                                                                            Мектеп директоры:                                                                                                                                                                                                            Мухаметжанова К.С.________________                                                                                                                                                                                   «_______» ____________2021жыл.


«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№14 мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің педагог-психологының 2021-2022 оқу жылының ҚЫРКҮЙЕК  айына арналған жоспары   


Жұмыс бағыты

  Қыркүйек        

1

І.Психологиялық психодиогностика


Әлеуметтік топ  оқушыларының тізімін алып мәліметтерін толықтыру

«Сананың сандық өлшемі» 1-11 сынып оқушыларын зерттеу.

8-9 сынып оқушылары Басса-Дарки сауалы 

1 сын.зейінін диагностикалау «Моншақ» әдістемесі

«Менің жанұям» әдістемесі  2-11 сынып

5-7 сынып Филлипс әдістемесі

3 -11 сынып социометрия


2

 ІІ.Түзету-дамытушылық бағыттар

.


2-4 сынып Арт терапия «Мен бақытты баламын»

1 сынып  «Танысу» жаттығу

Мен ең бақытты баламын» 5-7 сынып әңгіме.

8-11 сынып «Мен үшін өмір қымбат» Эссе


3


ІІІ.Ағартушылық

Профилактикалық бағыт


«Сананың сандық өлшемі» зерттеуінің қорытындысымен жетекшілерді таныстыру, мәлімет беру

Жас мамандармен семинар-тренинг

«Сананың сандық өлшемі» зерттеуінің қорытындысымен ата-аналарға кеңес беру

1 сынып ата-аналарымен конференция

5 сын ата-аналармен «Мен  баламмен     бақыттымын»тренинг

Аудандық     психолог бірлестігі семинары


Жоспар бойынша жүргізілген жұмыстарды қорытындылау

4

ІҮ.Психологиялық кеңес беру- Консультациялық бағыттар


 Жеке кеңес және сұраныс бойынша жұмыс     жүргізу

0,1,5 сынып оқушылары, ерекше назардағы, ерекше жанұя,тәуекел топ  және жаңа келген оқушылармен сұхбаттасу


5

Ү.Әлеуметтік –диспетчерлік бағыттар


Сұраныс бойынша мектеп инспекторы, әлеуметтік педагокпен біріккен жұмыс жүргізу







Педагог –психолог:                Досалиева Г.А

                                                 Ахатова М.К                   





1.   Әлеуметтік топ   оқушыларының тізімі алынып мәліметтері толықтырылып папкаға салынды.

2.   «Сананың сандық өлшемі» 1-11 сынып оқушыларының тізімі алынып, әр оқушының туған күніне байланысты қорытынды шығарылды.

3.  8-9 сынып оқушылары Басса-Дарки сауалнамасы .




                                                       Анықтама.

Қыркүйек.

Тақырыбы:8  оқушылары Басса-Дарки сауалнамасы.

Қатысқан оқушылар саны: 

Қатыспаған оқушылар саны:

Мақсаты: Оқушылардың агрессиясының  түрін  және оның көрініс беру ерекшелігін анықтау.

1.Барысы:

2. Психологиялық  дайындық. (Бейсанаға  енгізу)

3. Кері байланыс.

1.Барысы:  Сәлемдесу.

Санаңды сергіт  оқушыларға   сұрақтар қою.

1.Сіз үшін сыныпта ең құрметті адам?

2.Досың бар ма? Ол кім?

3. Дос туралы  мақал-мәтел  кім   біледі?

4. Сіз досыңыз үшін не істей аласыз?

5. Жақсы дос,жаман   дос қандай  болады?

6. Дос қандай  болу  керек?

2. Психологиялық  дайындық. (Бейсанаға  енгізу)

Сыр бөлісетін,мені өте жақсы түсінетін,көмекке әрдайым дайын адам,қандай жағдай болмасын  бірге болатын адам сенімді адам ол дос екенін оқушыларға жете түсіндіру.

1.Достық   дегенді  қалай  түсінеміз?(Жауапты сурет арқылы бер. Әр бір оқушы өзі салған  суреті  бойынша   түсіндіреді)

2. «Сөйлемді аяқта» тренингі

Екі топқа  сөйлемдер беремін. Топтағы   әрбір    оқушы   сөйлемнің   жалғасын  табады.

3. Оқушыларға   Басса-Дарки  сауалнамасын   ұсынамын.


3. Кері байланыс. Оқушылардың  бір-біріне деген көзқарасы,мейірімділігі және бір-біріне деген  достығы өте жақсы қалыптасқан әрі бір- бірін  жақсы түсінеді.Балалар агрессиясының түрі және оның   көрінісі  сауалнамадағы зеріттеу нәтижесінен анықталмады.


Педагог психолог:             Досалиева. Г. А

                                                               Ахатова. М. К


4.    1 сын.зейінін диагностикалау «Моншақ» әдістемесі.

Анықтама.

Қыркүйек.

Тақырыбы:  1 сынып. Зейінін диагностикалау  «Моншақ» әдістемесі.

Мақсаты: 1 сынып оқушыларының  бейімделуін    зейін  арқылы  тұрақтылығын    анықтау.

Барысы: 

Сәлеметсіңдерме  балалар!

-Жыл мезгілі нешеге бөлінеді?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз айларын ата.

-Күз мезгілінің  табиғаты  қандай   өзгерісте  болады?

2. Психологиялық  дайындық. (Бейсанаға  енгізу)

Балалар  мен  сіздерге   жұмбақ  жасырайын  шешуін   тауып  көресіңдер  ме?

Жылтырайды мойнымда,

Жылтырайды  қолымда.

Ол не? (моншақ)

Ойын: «Зейінді  бол»

Шарты: Алдымызда  ыдыста   тұрған  суреттердің  ішінен  әшекей бұйымдарды  тауып, партаның  үстіне   қоямыз.

Тапсырмаларды  тағайындау: Баланың  әрекетінде   есту арқылы  шарттарды  қаншалықты   дұрыс  қабылдаған  мүмкіндіктерін  табу.

Тапсырманы  ұйымдастыру: жіппен  бейнеленген   сурет бөлек  парақтарда  орындалады. 

Тапсырманы  орындау   үшін   әр  балада  жоқ   дегенде  түрлі  түсті   алты фломастер  немесе  қарындаш   болу  керек. Жұмыс  екі  бөлімнен   тұрады: 

I бөлім (негізгі) – тапсырманы   орындау  (моншақты  салу) , II   бөлім- жұмысты  тексеру  қажет   жағдайда  қайтадан  моншақ   салу.

I бөлімнің  нұсқауы: «Балалар, әрқайсыларыңның парақтарыңда  жіптің  суреті   салынған.Осы жіп бойынша  5  дөңгелек   моншақ  салу  керек,ол   моншақтардың ортасынан  жіп  өту   керек.Барлық моншақтар әр түрлі   

түсті , ал  ортаңғы  моншақ   көк түсті   болу  керек.(екі   рет қайталанады). Салуды енді   бастаймыз»

Қорытынды:  Зерттеу нәтижесінде  «өрнек»  әдістемесін   алу барысында

 1 сынып  оқушыларының   мектепке  бейімделуі  орта  көрсеткіш көрсетті.

Кеңес: 1 сыныпқа  сабақ  беретін   пән  мұғалімдеріне  мынандай   кеңестер айтылды  оқушыларға  зейінін   дамытатын  жаттығулар  жейі   жүргізілсін.


Педагог  психолог:                                        Досалиева. Г. А

                                                               Ахатова. М. К





5.    «Менің жанұям» әдістемесі  2-11 сынып

Анықтама.

Қыркүйкек.   

Тақырыбы: «Менің жанұям» әдістемесі 11- сынып аралығында жүргізілді.

Қатысқан оқушылар саны: 406

Қатыспаған оқушылар саны: 388

Мақсаты: Отбасындағы қарым-қатынасты,баланың алаңдаушылық деңгейін отбасы мүшелерін қабылдауын анықтау.

1. Психологиялық дайындық.(подсознаниеге енгізу)

2.«Менің жанұям» 

3. 2. Кері байланыс.

1.Психологиялық дайындық.

  • Кім айтады,сендердің ойларыңа «отбасы» деген сөзді естігенде не келеді,кімдер елестейді?
  • Бақытты отбасы деген не?
  • Отбасы мүшелерін атайық?
  • Отбасындағы қарым-қатынас қандай болу керек?

Ойын «Отбасы шуақ»

Оқушылар сызба сызық арқылы әр адамды өз орнына орналастырады.

- Өз отбасында кімдер бар?

- Әкең мен шешеңнің ата-анасы сендерге кім болады?

- Сен атаң мен әжеңе кім боласың?

- Үйде інің,әпкең,ағаң,сіңілің,қарындасың бар бұлардың саған қандай жақындығы бар ?

- Сен үйдегі отбасы мүшелеріне  қалай көмектесесің?

Деген сұрақтар арқылы оқушыларды түсіндіріп аламын.


2.«Менің жанұям»  әдістемесі 2-11 сынып оқушылырының аралығында алынды. «Менің жанұям» әдістемесінде оқушылар суреттер арқылы  ата-аналарына   және отбасына  деген сезімдерін білдірді.  Сурет салу әдісінде балаларға өз отбасының суретін салғызу арқылы оның отбасындағы орнын,отбасының жағдайын,баланың отбасында кімді жақсы көретіні байқалды.Суреттің түстері – адамның ішкі сезімдерін білдіреді.Отбасындағы жақсы көретін адамдарын бала ең сүйікті түстермен бояп жеткізді.Оқушылардың көпшілігі аналарын қызыл көйлекте әшекей бұйымдармен бейнелеп,өз махаббаттарын көрсетіп салды.Отбасындағы  адамдардың бәрін оқушылар сәнді етіп бейнеледі.

3. Кері байланыс.

Сурет арқылы оқушылардың ата-анасына жақындығы айрықша білінді.Оқушылардың суреттерінен отбасы мүшелерінің қолынан ұстап салған байқалды. Ол оқушының отбасы бақытты екені көрінді.


Педагог психолог:                     Досалиева. Г.А

Ахатова.М.К

6.       5-7 сынып Филлипс әдістемесі


Анықтама.

Қыркүйек.

Тақырыбы:  7 сынып Филлипс  әдістемесі.

Қатысқан оқушылар  саны: 173

Қатыспаған оқушылар  саны: 20

Мақсаты: Сыныптағы оқушылардың  мектепке байланысты  мазысыздық деңгейін  зерттеу.

1.Барысы:

2. Психологиялық  дайындық. (бейсанаға  енгізу)

3. Кері байланыс.

1.Барысы:  Оқушылардың   сабаққа зейінін арттыру. 

«Ақ тілек. Әсем күлкі»

- Көңіл – күйлеріңіз қалай?

-Керемет (Қолдарын  көтереді)

- Сабаққа дайындықтарың қалай?

-Тамаша! (Алақандарын шапалақтайды)

- Ынталарыңыз қалай?

- Ғажап (Қолдарын көтереді)

-Ендеше сабағымызды бастайық!

2. Психологиялық  дайындық. (бейсанаға енгізу)

          Мұғалім сұрағы .   Оқушы жауабы.

  • Әрбір адам?        Досым,сыныптасым
  • Әрбір сабақ?       Үйрену,оқу,іздену.
  • Әрбір ісің?          Тірлік,тірек,адамдық.
  • Әр сөзің?             Шындық,бірлік,адалдық.

 Осы сұрақтардың жауабын тыңдап алып, ары қарай  балаларға  филлипс   сауалнамасын таратып беремін.Оқушыларға сұрақтарды мұқият оқып, әр сұраққа  нақты «иә» немесе «жоқ» деп жауап беру керек.

3. . Кері байланыс. Оқушылардың  бәрі  58  сұрақтың  бәріне  өз   жауабын белгіледі. Барлық оқушылардың мектепке,мұғалімге және бір-біріне деген көзқарастары  жақсы  екенін көрсетті.

Қорытынды: Сыныптағы оқушылардың  мектепке байланысты  мазысыздық деңгейін  зерттеу   нәтижесі барысында  жақсы  көрсеткішті   берді.



Педагог психолог:             Досалиева. Г. А

                                                              Ахатова. М. К




7.          3 -11 сынып социометрия



Анықтама.

Қыркүйек.

Тақырыбы:  10-11  сынып  социометрия.

Мақсаты: Сынып  оқушылары   арасындағы  қарым - қатынасты  зерттеу.


1.Зерттеу барысы:  Оқушыларға мынандай сауалнама үлестіріледі.

1.Кіммен бір партада отырғың келеді?

2.Саяхатқа  кіммен  бірге шыққың келеді?

3. Кімді туған күніңе шақырғың келеді?

4.Кіммен бірге сабақтан соң үйге қайтқың келеді?

Социометрия   жоспарлы   бойынша сынып жетекшілердің  сұранысы бойынша  6ә,7а,7ә ,5б   сыныптардан  алынды.


2. Психологиялық  дайындық. (Бейсанаға  енгізу)

              Тренинг-жаттығу «Тату отбасы»

Мақсаты: Қол,бет мимика арқылы сыныптағы көңіл-күйді жеткізу.

Жаттығу барысы: Балалар дөңгеленіп отырады. Әр қайсысы белгілі бір іспен шұғылданады:Бірі ермексаздан  шарик,екіншісі тақтайға шеге қағып отырады,тағы біреуі сурет салып отырады т.б. Балалар іс-әрекетті шынайы етіп мимика арқылы  көрсетеді.  Жәй   әуен қойылып тұрады.

Сұрақтар: Қандай әсер алдыңыздар?

Қаншалықты қиын болды?


Социометрияны  дайындау  және  өткізу  кезендері.

1.Оқушыларға парақтар таратылып,өз парақтарын белгілеу және алынған ақпараттың құпиялығына кепілдік  беріледі.

2.Оқушылар жауаптары шын жүректен шығулары тиіс.Алынған нәтижелер тек қана жұмысты жақсартуға  қолданылады және басқа ешкім,мұғалімдерді қоса,онымен таныс болмайтынын түсіндіру.

3. Қорытынды: Барлық алынған сыныптарда  лидер, қалаулы, таңдаулы оқушылар бар.Шеттелген оқушы жоқ.

Ұсыныс: Осы сыныптарға  сабақ   беретін  пән  мұғалімдер   мен  сынып жетекшіларіне  социометрия   қортындысы  айтылып  психологиялық   кеңес берілді.


Педагог психолог:                  Досалиева. Г. А

                                             Ахатова. М



8.    2-4 сынып Арт терапия «Мен бақытты баламын»

Анықтама.

Қыркүйкек.   

Тақырыбы: «Мен бақытты баламын» арт терапсия әдістемесі 2-4 сынып аралығында жүргізілді.

Қатысқан оқушылар саны: 266

Қатыспаған оқушылар саны: 12

Мақсаты: Отбасындағы қарым-қатынасты,баланың алаңдаушылық деңгейін отбасы мүшелерін қабылдауын анықтау.

1. Психологиялық дайындық.(подсознаниеге енгізу)

2.«Менің жанұям» 

3. 2. Кері байланыс.

1.Психологиялық дайындық.

  • Кім айтады,сендердің ойларыңа «отбасы» деген сөзді естігенде не келеді,кімдер елестейді?
  • Бақытты отбасы деген не?
  • Отбасы мүшелерін атайық?
  • Отбасындағы қарым-қатынас қандай болу керек?

Ойын «Отбасы шуақ»

Оқушылар сызба сызық арқылы әр адамды өз орнына орналастырады.

- Өз отбасында кімдер бар?

- Әкең мен шешеңнің ата-анасы сендерге кім болады?

- Сен атаң мен әжеңе кім боласың?

- Үйде інің,әпкең,ағаң,сіңілің,қарындасың бар бұлардың саған қандай жақындығы бар ?

- Сен үйдегі отбасы мүшелеріне  қалай көмектесесің?

Деген сұрақтар арқылы оқушыларды түсіндіріп аламын.


2.«Менің жанұям»  әдістемесі 2-11 сынып оқушылырының аралығында алынды. «Менің жанұям» әдістемесінде оқушылар суреттер арқылы  ата-аналарына   және отбасына  деген сезімдерін білдірді.  Сурет салу әдісінде балаларға өз отбасының суретін салғызу арқылы оның отбасындағы орнын,отбасының жағдайын,баланың отбасында кімді жақсы көретіні байқалды.Суреттің түстері – адамның ішкі сезімдерін білдіреді.Отбасындағы жақсы көретін адамдарын бала ең сүйікті түстермен бояп жеткізді.Оқушылардың көпшілігі аналарын қызыл көйлекте әшекей бұйымдармен бейнелеп,өз махаббаттарын көрсетіп салды.Отбасындағы  адамдардың бәрін оқушылар сәнді етіп бейнеледі.

3. Кері байланыс.

Сурет арқылы оқушылардың ата-анасына жақындығы айрықша білінді.Оқушылардың суреттерінен отбасы мүшелерінің қолынан ұстап салған байқалды. Ол оқушының отбасы бақытты екені көрінді.


Педагог психолог:                     Досалиева. Г.А

Ахатова.М.К

9.     1 сынып  «Танысу» жаттығу



Анықтама. 

Қыркүйек

Тақырыбы:1 сыныптармен  «Танысу» жаттығу.

Қатысқан оқушылар саны:  45

Қатыспаған оқушылар саны:  3

Мақсаты: Оқушыларды  бір-бірімен  ұйымшылдылыққа,татулыққа, бір-бірін сыйлауға , көмек беруге, өтірік айтпауға  үйрету.

1. Психологиялық  дайындық. (подсознаниеге енгізу)

2.« Заттың атын ата » ойыны. 

3. 2. Кері байланыс.

1. Психологиялық дайындық.(подсознанеге енгізу) Біздер  балалар   күнделікті  амандасамыз яғный бүгін жаңа эмоция тудыратын сергіту сәтін жасайды.Балалар  бір-бірінің   қолынан  ұстап  бір – біріне   жақсы тілектер айтады мысалы: Әдемісің,көркемсің т.б  және бәрі бірге жаттығу жасайды.

Қуанамын  менде,

Қуанасың сен де,

Қуанамыз бәріміз,

Арайлап атқан күнге!

  • Балалар сіздерге мектепке келген ұнайма?
  • Мектепке не үшін келдіңдер?
  • Алғашқы ұстаздарыңның аты кім?
  • Ұстаздарың  сіздерге   ұнай  ма? Деген сұрақтар арқылы оқушылармен әңгімелесіп аламын.

2. «Заттың атын ата» ойыны.

Мақсаты: Заттарды көріп сипаттау арқылы балалардың сезімталдығын дамыту,қоршаған орта  жайлы танымдарын кеңейту,сөздік  қорын дамыту.Заттарды сипаттау барысында сөздерді орынды қолданып,дыбыстарды дұрыс айту арқылы баланың тілін жетілдіру.

Көрнекілік: Ыдыс суреттері , көкөністер,жемістер,мульяж,қоржын.

Ойын шарты: Әр түрлі жемістер,немесе көкөністер суреттері,мульяждары салынған ыдыстан бала бір затты алады.Сонан соң сол затты жан-жақты сипаттайды және заттың атын атап,түр-түсін ажыратады.Мысалы: Бала ыдыстан алманы алып,пішінін түсін,дәмін және қасиеттерін айтады.

3. Кері байланыс.Балалар  жақсы тілектер айту арқылы  бір-біріне деген, көңілдері көтерілді және сергіту жаттығуы арқылы баланың бір-біріне жақын арласуына мүмкіндік болды. «Заттың атын ата» ойыны арқылы балалардың іс-қимылы сөйлеу қоры артты.


  Педагог психолог:                     Досалиева. Г. А

                                                               Ахатова. М. К



10.     Мен ең бақытты баламын» 5-7 сынып әңгіме.


Анықтама.

Қыркүйек

Тақырыбы:   «Мен   бақытты   баламын»   

Мақсаты: Оқушыларға  бақыттың   құндылығын   түсіне  білуге, отбасындағы  бақытты   сезінуге , бір – бірін  жақсы  көруге   үйрету.

      18.09.21 ж   «Мен  бақытты   баламын  »  тақырыбында    арт – терапия  суретті   методика    алынды. Суретті  методика  әдістемеге   орта  буын  оқушылары   белсене  қатысты. Оқушыларға  «Бақыт    дегеніміз  не?»  және   оған  қалай   жетуге   болады  екен ? (Қатысушылардың   пікірлері) осы  сұраққа   жауап  беру  үшін    мен сендерге  «Бақыт» тақырыбына    сурет  салуды   ұсынамын. Қазір  бәріміз  бірге   тақтада  жазылып  тұрған   өлең  

жолдарын   бәрі   бірге    оқыды.


Мынау  менің  оң   қолым,

Мынау  менің  сол   қолым,

Барлық  істі   атқарады.

Мынау  менің  оң   аяғым,

Мынау  менің  сол   аяғым,

Жақсылыққа  апарады.

       Ал  енді   бәріміз  «Мен  бақытты  баламын   »  тақырыбында   сурет   салады  және    ойларымен   бөлісіп,  бақытты   балалық   шақтарын  әр  түрлі    түстермен  суреттеп, адам  баласының   ең  бақытты  өміріне   із  қалдырар  тәтті    кезеңі  ол – балалық  шағы   екенін  суреттерінде көрсетте  білді.   

Қорытынды:  Оқушылар  бүгінгі  суретті   методикадан  бақыттың  не   екенін, бақытты  болуды, бақытты  болуға  ұмтылу  сияқты   түсініктерді  аша  алды. Бақыт   деген  ұғым  туралы   білді , көңіл  - күйлері  көтерілді. Балалардың   салған    суреттерінен  отбасыларымен  бақытты    екенін  көрсетті.  


                             Педагог  психолог:            Досалиева   Г. А

                                                                           Ахатова   М.  К












11.     8-11 сынып «Мен үшін өмір қымбат» Эссе



Анықтама.

Қыркүйек.

Тақырыбы:  8-11 сынып «Мен үшін өмір қымбат» эссе. 

Қатысқан оқушылар саны:  102

Қатыспаған оқушылар саны:  12

Мақсаты

- Өмір адам баласына  берілетін қымбат сый екеніне ықпал ету. 

-Адам бойында болатын асыл қасиеттерді, адамгершілік, мейірімділік  сезімдерін дамыту.

- Балалардың ойын ашу , өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру.

1.Барысы:

2. Психологиялық  дайындық. (подсознаниеге енгізу)

3. 2. Кері байланыс.

1.Барысы:  «Ғажайып өмір» күйін оқушыларға бір шумағын өлең оқып беру.

Шыдамдыны мына өмір ұнатады,

Бірде қуантып,бірде жылатады,

Сүріндіріп кейде сені құлатады

Жылатып тұрып жұбатады.

Сол жолдан адаспаудың ең біріші жолы ол – өзіңді  өзің тану,өзіңді өзің сыйлау,өзіңді өзің қадірлеу олай болса,біз де бір уақыт өз өміріміздің мәні туралы  ойланып көрейікші.


2.Психологиялық дайындық(подсознаниеге  енгізу)

- Өмір дегеніміз не,қалай түсінесің?

- Өмірдің мәні неде деп ойлайсыңдар?

- Өмір адамға несімен қымбат?

- Сіздер өмірде өздеріңді бақыттымын деп санайсындар ма?

- Егер саған біреу қатты дауыс көткріп ұрысса,сен не істейсің?

-Келешектесіздер өз өмірлеріңізді қалай құрар едіңіздер?


3. Кері байланыс:

Өмір сені сонда ғана шыңдайды – деп ақындар жырлағандай  оқушылар өздерінің өмірге деген сүйіспеншілігін ,өмір туралы білгенін түсінгенін түйгенін  айтты. «Мен үшін өмір қымбат»атты  жазған   эсселерінен белгілі болды.

Педагог психолог:             Досалиева. Г. А

                                                               Ахатова. М. К






12.                   Жас мамандармен семинар-тренинг

Анықтама.

Тақырыбы:Жас   мамандарман  семинар-тренинг.

Мақсаты:Жас  мамандарға  ұжымда   жағымды  психологиялық  ахуал қалыптастыру, кәсіби  құлшынысын арттыру, жігерлендіріп  көңіл-күйін көтеру, қарым-қатынасының  белсенді ,жағымды  жағын   дамыту.

      15.09.2021 ж   күні  жас мамандармен  семинар-тренинг  өтті. Барлық қатысушылар шеңбер бойымен  тұрғызылып   қол шапалақтау  арқылы эмоционалды  психологиялық  күйге   орнату  барысында  жас   мамандар  бір- біріне  деген   жылы  сөздерін  айтты.

      Жас мамандарға  «Мен  кіммін?» жаттығу. Параққа «Мен кіммін?» деген сұраққа  жауап  жазды   және  жауап шынайы  болу   керектігі  ескертілді .Жас мамандар  өздерінің  жауаптарын   оқыды  және  өздерінің   мұғалім  екені басты  назарда   айтып  жеткізді.

      Ой тастау  Ұстаз   бен баланың  суреті  ұсынылады да, оған  топтың   әр мүшесі өздерінің пікірлерін ұсынуы тапсырылды.Ой толғау әр топтың мүшелері  ұстаз  бен   оқушы  арасындағы  қарым-қатынастың  қандай болатыны  жайлы   өз  пікірлерін  топ   ішінде  ортаға  салып, сызба   түрінде  көрсетіп, оны  топ   жетекшілерімен  қорғап  шықты. 

      Жас мамандарға  түстер арқылы   адамның  эмоцияын  білу   мақсатында   жеті  сөзді    қолдану  арқылы  жеті   үйдің суретін  салды  мысалы: Қуаныш, қанағаттану, қорқыныш, реніш, мұң, ашу, қызығушылық .Салынған   жеті  үйді өздерінің  ең   сүйікті , жақсы  көретін  түсі арқылы   бояуды  ұсынылды. Жас  мамандардың    бояған  түстері арқылы  өздерінің      мінез-құлықтары  айтылып  ұжыммен   етене   арласуға  бағыт  бағдар   берілді. 

Қорытынды:Ұстаз  болу – жүректің батырлығы,

                          Ұстаз  болу – сезімнің  ақындығы,

                          Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

                           Азбайтұғын  адамның  алтындығы.   

Дегендей  жас мамандар  жұмыстарыңыз   шығармашылық  жолында , шыдамдылықпен  келетініне сеніңіз.


 

   Жас  мамандар   ұстаз  бен  оқушы туралы ойтолғауларын топ жетекшілерімен  ортада    қорғау  сәті.



 

 Педагог   психолог:                            Досалиева.Г.А   

                                                                                Ахатова. М. К









13.                1 сынып ата-аналарымен конференция

 



 


 


 


 

 


 


 


                                            Анықтама. 

Қыркүйек. 

15.09.2021 ж.  күні 1 сынып оқушылардың ата – аналарына психопрофилактикалық жұмыс негізінде «Сіздің балаңыз 1 сынып оқушысы» тақырыбында психологиялық кеңестер оқылды және әңгіме,сұхбат жүргізілді.1 сынып оқушылардан алынған әдістеменің қорытындысы айтылды.

Мақсаты: балалардың мектепке бейімделуіне,оқуға даярлауға,психологиялық күйзелістің алдын алуға көмектесу.

Психологиялық кеңесте айтылған мәселелер:

  • Баланың ішкі позициясы оның мектеп өмірін қалауы,сыныпта мінез – құлық ережелеріне,сыныптас жолдастарымен ерекше қарым – қатынас нормаларын,күн тәртібін,мұғалімнің талаптарын жылдам қабылдап оны қиналмастан орындауға негіз болады.
  • Бала  әрекеті мінез – құлық мотивтерін өзгертіп,бар күшін интеллектуалдық қабілетін,дадамгершілік қасиеттерін дамытуға бағыттауды қажет етеді.
  • Жаңа ережелер мен нормаларды сөзсіз орындау,талап ету кей кезде балалардың қырсықтық көрсетуіне немесе шамадан тыс шаршауына алып келуі мүмкін т.б балаға қатысты ой пікірлер айтылды.

Қорытынды: Ата – аналар кеңестен өздеріне қажетті ақпараттарды алғандықтарын,салыстыра келе кейбір жағдайлардың орын алып жатқандықтарын айтты (түстер көруі,температураның көтерілуі,мазасыздануы).Қосымша бұл жайттардың барлығы өткінші екендігі, дәл осы уақыттта бала эмоциясына,көңіл – күйіне әсер ететін жағдайлардан аулақ болу,қателіктерді қайталамай балаларға ықпал ете отырып,психологиялық көмекті аямау керектігі айтылды.





Педагог- психолог:                     Досалиева Г.А

                                                        Ахатова М.К


14.     5 сын ата-аналармен «Мен   баламмен  бақыттымын»   тренинг




                                        Анықтама.

 Қыркүйек

Тақырыбы:  5 сынып   ата-аналармен «Мен  баламмен   бақыттымын» тренинг

Мақсаты:  Ата – анаға  бала   тәрбиесіндегі  қарым –қатынасты  психологиялық  қолдау.

            24.09.21 ж    ата – аналармен  «Мен  баламмен   бақыттымын» тақырыбында   ата – аналармен  тренинг   өтті. Ата –аналар  мен  олардың    балаларына  қағазға  жазылған    түрлі  жақсы  қасиеттер   ұсынылды. Солардың  ішінен  ата – аналар   балаларына , балалар ата – аналарына   есім  таңдап , неліктен  сол   есімді  таңдағанын  түсіндіріп береді.

«Үміт  еткен   көзімнің  нұры  балам»   жаттығуы  арқылы   ата –аналарға  балаларының   көз  жанары   бейнесін   көрсетемін. Әр ата – ана   өздерінің   балаларының  көздерін   табу. «Экранда   балалардың   тек  қаны  көздері   беріледі» 

«Қолынан  танып   біл!»   Көздері   байлаулы   аналары  балаларын  тауып    алулары  керек. Сізге   балаңызды   табуға  не  көмектесті? Балаңыздың  қолынан    ұстағанда  не  сездіңіз? сұрақ – жауап  жүргізілді.   

«Өтінемін» ойыны.  Ата – аналар   мен  балалар  арасындағы   қарым – қатынасты  жақсарту , бір  - біріне  көңіл   бөлу  мақсатында. Барлық  қатысушылар   ортада  жарты  шеңбер   жасап   тұрады. Ата – аналар  мен балалар   қандай  сиқырлы  күші   бар  сөздерді  білетінін   ортаға  салады. Мысалы  рахмет,өтінемін. Мен  сіздерге   әр түрлі  өтініштер   жасаймын ,егер мен   өтінемін   деген  сөзді  айтсам   сіздер  оны   орындауларыңыз  қажет. Өтінем   деген  сөзді  айтпасам , сіздер  ол   өтінішті  орындамайсыздар. Секіріңдер , Оң  аяқтарыңды  көтеріңдер , өтінем , алақанмен  қол   шапалақтаңдар  деп  жаттығудың    бірнеше  түрі  қайталанады.

Қорытынды:  Балат  тәрбиесі  - қызығы   мен  қиыншылығы  қатар   жүретінт күрделі  процесс. Отбасы , ұшқан  ұя – жылылықтың , жылулықтың  мекені. «Отбасы» атауының  мәніне  терең   үңілер  болсақ , оттың  да   үлкен  маңызы  бар   екенін  сеземіз. Сондықтан  оттың   басы, ошағымыздың  түтіні  түзу   болуы  үшін  баламыздың   жан  дүниесіне  үңілейік! 

                             Педагог  психолог:            Досалиева   Г. А

                                                                            Ахатова   М.  К