Мұқағали Мақатаев-92 жыл » «№14 мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар жалпы білім беретін орта мектебі»
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
"№14 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(726) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
февраль
2023

Мұқағали Мақатаев-92 жыл

Ақиық  ақын Мұқағали  Мақатаевтың  туғанына  92 жыл толуына  орай   көрме  ұйымдастырылды. Оқырмандар  ақынның  өмірімен  және   шығармаларымен  таныса  отырып  ақынның  өлеңдерінен үзінділер  оқыды.

  9-ақпан  ақынның туған  күніне орай кітапханада 1-4 сыныптар  арасында  көркемсөз  оқудан сайыс  ұйымдастырылды. Сайыста 1-4 сыныптан 25 оқырман қатысты.Олар  ақынның өлеңдерін  мәнерлеп айтып қана қоймай, ақын өмірі мен шығармашылығы, атқарған қызметі жайлы мәлімет жинақтап таныстырылым жасады.Сайыс  нәтижесінде БАС ЖҮЛДЕГЕ 3а сынып оқушысы К.Мыңжасар,   І орынды 1ә сынып оқушысы Р.Жолдыбек, 2ә сыныптан А.Тұрған,3а сыныптан А.Жолдыбек алды.   ІІ орынды 1а сынып-Қ.Тілеш, 1б сынып-Б.Мақсұт, 2а сынып-Е.Тлибай, 3а сынып-К.Мейрамқұл,3ә сынып-Б.Мақсұт, 

4ә сынып-А.Әшей, 4а сынып-Ж.Байзолда алды.  ІІІ орынды 1ә сыныпҰ.Мусабек, 2а сынып-А.Қуролбай, 3ә сынып- А.Тілеш,  Д.Кендербаева, 4ә сынып-Ж.Ержанова,4а сынып-Н.Дабыл  иеленді.Көркемсөз оқуының соңында  мақтау қағазымен марапатталып, шағын кітапшалар  сыйға  тартылды.

9-ақпанда  7-8 сынып  оқушыларымен сынып жетекші А.Багиева әдеби  кеш  ұйымдастырылды. Кеште ақынның өлеңдерін әнімен орындап, нақылсөздерінен таныстырылым жасалды.Ақынның өз даусымен оқыған шығармаларынан аудио тыңдалым жасалды.