Балалардың еңбекке саналы көзқарасын қалыптастыру » «№14 мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар жалпы білім беретін орта мектебі»
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
"№14 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(726) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
апрель
2022

Балалардың еңбекке саналы көзқарасын қалыптастыру

«Алматы облысы білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№14 мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі
«Еңбек, экономикалық және экологиялық» айлығында атқарылған жұмыстардың
АНЫҚТАМАСЫ
Айлықтың мақсаты: Оқушының өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту.
Айлық жұмыстары бойынша іс-шара жоспары жасалынып, бекітілді. Тиісті қызметкерлерге таныстырылды. Жоспар аясында «Еңбек түбі-береке» тақырыбында 4«А» 4«Б» сыныптарында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттары талапқа сай. «Біз таза қала үшін» ұранымен 2б сыныбы сынып жетекшісі Ивашева С.В, 3ә сыныбы сынып жетекшісі Шидербаева М, 4б сыныбы сынып жетекшісі Ивашева С.В, 6а сыныбы сынып жетекшісі Нысанбаева А, 7б сыныбы сынып жетекшісі Омарова Д.Қ, 8а сыныбы сынып жетекшісі Оспанова А, 8ә сыныбы сынып жетекшісі Артықбаева Л сыныптарында сынып сағаттары өткізіліп, оқушылар өз ауларын тазарту мақсатында сенбіліктер ұйымдастырды.
Жыл сайын күз мезгілінде мектептерде өткізелетін «Алтын күз» байқауы, биыл да өз кезегінде «Қош келдің алтын күз-2021» тақырыбында қашықтықтан өткізілді. Байқауға 5-10 сыныптар қатысты. Сайыс 3 кезең бойынша өткізілді. Таныстыру; 2. Күзгі экибана; 3. Күзгі сән үлгісі.
Сайыс қорытындысы бойынша 7 «б» сыныбы бас жүлде, 6 «Б» сыныбы 1 орын, 5 «А» сыныбы 2 орынды, ал 5«Ә» сынып оқушылары үшінші орынды иеленді. Сайысқа жіберілген бейнежазбалар мектептің инстаграм желісіне жарияланды. Оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Және де «Күз мереке, күз береке» тақырыбында 1«Ә» сыныбы сынып жетекшісі Абдилдаева Б, 2 «Ә» сыныбы сынып жетекшісі Рахимбай С , 3«Ә» сыныбы сынып жетекшісі Шидербаева М, 3 «Б» сыныбы сынып жетекшісі Бухаева Р.А, 4«А» сыныбы сынып жетекшісі Файзрахманова А, 4«Б» сыныбы сынып жетекшісі Ивашева С.В сыныптары тәрбие сағаттарын өткізді. Тәрбие сағаттары талапқа сай, мақсаты мен міндеттері анық, Мұғалімдер өткізілген тәрбие сабақтарына жан-жақты дайындалған.
1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне іс-шаралар жоспары жасалынып бекітілді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған кітап көрмесі мектеп кітапханашыларымен ұйымдастырылып өткізілді. Және де «Оқуға құштар мектеп» бағдарламасы бойынша оқушылар белгіленген уақытта кітапханадан кітаптар оқып, жаңа кітаптар мен таныстырылды.
«Тұңғыш Президент» тақырыбында 1-4 сынып аралығында ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағаттары сапалы көрнекіліктермен өткізілді. Тәрбие сағаттары мектебіміздің әлеуметтік желісіне салынып отырылды.
«Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың ел мемлекетінің қалыптасуы мен дамуындағы рөлі» тақырыбында 5-9 сынып аралығында ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағаттары талапқа сай сапалы көрнекіліктермен өткізілді. Тәрбие сағаттар мектебіміздің әлеуметтік желісіне жарияланды.
6 желтоқсан күні барлық білім беру мекемелерінде «Желтоқсан алауы, Тәуелсіздік бастауы» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілуі жоспарланған. Сол жоспар бойынша 1-11 сынып аралығында барлық сынып жетекшілер тәрбие сағаттарын өткізді. Тәрбие сағаттары әлеуметтік желіге салынды.
Мектебімізді желтоқсанның 3 ші күні Өр Тұлғалы Бауыржан тақырыбында 3-10 сынып аралығында Бауыржан оқулары ұйымдастырылып өткізілді. Бас жүлдені 7а сынып оқушысы Асқарбек Меруерт иеленді жетекшісі Ходжанова Ғалия.

ҰСЫНЫС:
Оқушының өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту жұмыстары жыл бойы жалғасын тапсын. Оны орындау қадағалау директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жарылқасын Г.Ж жүктелсін.

ДТІЖО: Жарылқасын Г.Ж