16-ЖЕЛТОҚСАН ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ » «№14 мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар жалпы білім беретін орта мектебі»
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
"№14 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(726) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
декабрь
2022

16-ЖЕЛТОҚСАН ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ

16-желтоқсан -Тәуелсіздік күніне орай «Қасиетті  байтақ  елім-Қазақстан» немесе «Қазақстан әлем  балаларының  көзімен» тақырыбында 4-8 сыныптар  арасында  сурет  көрмесі  ұйымдастырылды. Оқушылар түрлі  бояумен, қарындашпен  өз  қиялын  қағаз  бетіне  түсіре  білді. Ал 9-11 сынып  оқушыларымен осы  мерекеге  орай  «Тәуелсіздік  тұғырым»  тақырыбында естелік  сабағы, дөңгелек  үстел және тәуелсіздік жайлы видео таныстырылым өткізілді. Көрмеге тәуелсіздік жайлы нақыл сөздер ілініп,  әдеби кітаптар қойылды. Мектебімізде мерекеге орай мерекелік  бағдарлама өткізілді. Бағдарламада 5-сыныптарды «Жасұлан» ұйымына қабылдады, патриоттық  тақырыпта өлеңдер оқылды, Парламент тобы тәуелсіздік жайлы  нақыл   сөздерден ой-толғау жасады. «Тәуелсіздік-мәңгілік елдің тұғыры» тақырыбында  9-10 сыныптарымен дебат өткізілді. Оқушылар  бойына елжандылық пен рухани адамгершілік қасиетті сіңіртіп және тәуелсіз елдің ұрпағы екенін мақтан ете білу керектігі  айтылды.