Психолог қызметі мен міндеттері » «№14 мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар жалпы білім беретін орта мектебі»
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
"№14 орта мектебі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(726) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(726) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
15
сентябрь
2021

Психолог қызметі мен міндеттері

БЕКІТЕМІН

_______________

________________

“______”_________  200    ж

Аламты қаласы

Талғар ауданы


_______________ біліктілік санатты педагог – психологтың лауазымдық нұсқаулығы 


  1. Жалпы ереже 
    1. Педагог – психолог қызметке мектеп директорымен тағайындалып босатылады. 
    2. Педагог – психолог  жоғары психологиялық білімді немесе еңбек өтіліне талап қойылмайтын арнайы мамандығы болуы тиіс. 
    3. Педагог – психолог әкімшілік бағыттан тікелей мектеп директорына бағынады, ал кәсіби бағыттан қалалық білім басқармасының психологиялық қызмет басшысына бағынады. 
    4. Өз жұмысында педагог – психолог  құқықтық – нормативтік актілермен нормативтік құжаттарды басшылыққа алады: 

·Дүниежүзілік:   -   БҰҰ балалар құқығы туралы конвенция

·Мемлекеттік:  -   ҚР «Білім туралы» заңы;

  • Білім берудің мемлекеттік бағдарламалары;
  • ҚР білім беруді дамыту бағдарламасы ;
  • ҚР Конституциясы;
  • ҚР басқа да заңдары;
  • Психологиялық қызмет туралы ереже жобасы;
  • ҚР білім мекемелерінде психологиялық қызметтің құқықтық статусы туралы жоба;
  • ӘППҚ нормативтік – құқықтық құжаттар жобасы;
  • Психологтың әдептілік кодексі;
  • Білім мекемелеріндегі педагог – психологтардың жұмыс уақытының ұзақтығы туралы ҚР білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 
  • 30 қараша күнгі хаты //Приказ № 3518-2-12316/07-5-1 


  • Аймақтық



o:



  • Кабинетті безендіруге қойылатын талаптар;

o   Педагог – психологтың іс қағаздар жүргізу үлгісі.             

o









  •                          Әртүрлі бұйрықтар мен нұсқаулықтар. 

  • Арнайы құжаттар:  психологтың жұмыс нәтижесін сипаттайтын және кәсіби іс – әрекетінің процессуалдық аймағын көрсететін құжаттар.
  • Еңбек қауіпсіздігі, техника мен өрт қауіпсіздігі ережелері мен талаптары, мектептің құқықтық актілері мен Жарғысын (соның ішінде  ішкі еңбек тәртібінің Ережесі, мектеп директорының бұйрықтары мен шешімдері, осы лауазымдық нұсқаулықпен)
  • Педагог – психолог бала құқығының конвенциясын сақтайды.


  1. Қызметі

Педагог – психологтың негізгі міндеті балалардың барлық жас ерекшелік кезеңдерінде толыққанды тұлғалық және интеллектуалдық дамуына жағдай жасау, олардың бойында өзіндік тәрбие мен өзіндік даму қабілетін қалыптастыру.  Психологтың жұмысы келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: 

  1. Психопрофилактика
  2. Психодиагностика
  3. Психологиялық консультация
  4. Психокоррекция мен дамыту


  1. Лауазымдық міндеттері

Педагог – психолог келесі лауазымдық міндеттерді атқарады: 

  1. Оқу жылына жоспар жасайды. 
  2.  Оқушылармен психопрофилактикалық, диагностикалық, коррекциялық және дамыту, консультациялық жұмыстарды ұйымдастырады, оқушылардың мұғалімдермен   ата –аналар мәселесіне байланысты консультация жұмысын жүргізеді. 
  3. Жоспарға және мұғалімдер мен мектеп әкімшілігінің сұранысы бойынша оқушылардың интеллектуалдық, тұлғалық, эмоционалды – еріктік ерекшеліктері мен қызығушылықтарын және қабілеттерін анықтайды. 
  4. Мектепте білім алуға психологиялық дайындық деңгейінің жеткіліксіздігін анықтау мақсатында бірінші сыныпқа балалар қабылдауға қатысады. Преподавателимен бірігіп мектептегі бірінші күннен бастап оқу үрдісіне балалрдың толыққанды енуін қамтамасыз етуде жеке дара жұмыс ұйымдастырудың бағдарламаларын әзірлеуге қатысады. 
  5.  Бастауыш буыннан  орта буынға көшкен оқушыларға психологиялық зерттеу жүргізеді, жаңа кезеңге оқушылардың психологиялық дайындық  деңгейін ескере отырып мұғаліммен бірігіп жеке дара жұмыс жасау бағдарламасын әзірлейді. 
  6. Оқушының жүріс – тұрысы мен дамуына және тұлғаның, кабілет, бейімінің  жеке дара қасиеттерінінің толық ашылуын психологиялық талдау жасау мақсатында психолого – педагогикалық консилиумдар ұйымдастырады. 
  7. Баланың психикалық дамуындағы ауытқуларды алдын алуға бағытталған коррекциялық – дамыту бағдарламаларын әзірлеп жүзеге асырады. 
  8. Оқу, даму, өмірлік және кәсіби өзіндік анықталу, үлкендер және   құрбы  - құрдастарымен қарым – қатынас, өзіндік тәрбие т.б. мәселелрі бойынша топтық және жеке дара консультациялар ұйымдастыру; 
  9. Педагогикалық кеңес, педагог – психологтардың әдістемелік бірлестігінде, мектепішілік және кластардың ата – аналар жиналысына қатысады,оқушыларға жеке дара қарым қатынас жасау қамтамасыз етумен  байланысты мәселелерді шешуге педагогикалық  кеңеске қажетті ақпараттарды дайындайды; 
  10. Мектептегі қолайды психологиялық ахуалды орнату, мұғалімдердің оқушылармен (үлкендер – бала) қарым- қатынасын жақсарту және педагогикалық ұжымда (үлкендер – үлкендер) қарым- қатынастың формасын жетілдіру, үлкен кәсіби және тұлғалық мәселелр бойынша мектеп қызметкерлеріне консультация ұйымдастырады. 
  11. Барлық жұмысты тіркеуге алады, бекітілген үлгіде психологиялық жұмыс нәтижесіне есеп жүргізеді. 
  12. Психологиялық жұмыстың қауіпсіз жүргізілуін қамтамасыз етеді; 
  13. Оқушылардңғ құқығы мен бостандығын сақтайды; 
  14. Өзінің кәсіби біліктілігін үнемі арттырады; 
  15. Психологтың әдептілік нормаларын және қоғамдық орында, тұрмсыста, мектепте жүріс – тұрыстың әдептілік нормаларын сақтайды; 
  16. Есептегі құрылғыларды сақталуын қамтамасыз етеді, психолог кабинетін тиісті құралдармен жабдықтап толықтыруды ұйымдастырады.
  17. Білім беру үрдісін ұйымдастырудың қолайды жағдайын жақсартуға ұсыныстар жасайды және мектептегі психологиялық ахуалды  нашарлататын және балалардың интеллектуалдық және тұлғалық толық дамуын қамтамасыз ету жағдайының, оқушы ағзасының жұмыс қарқыны мен өмірге талпынысын, білім беру үрдісінің барлық кемшіліктері туралы әкімшілікті хабардар етеді. 


  1. Құқығы

Педагог – психолог құқылы: 

  1. Мектеп басқаруға, мектеп Жарғысында көрсетілген тәртіпке қатысады; 
  2. Кәсіптік мүддесі мен   ар – намысын қорғауға; 
  3. Жұмысына баға беруді қамтитын арыздар мен басқада құжаттармен танысып оларға түсініктеме беруге;
  4. Өз еркімен немесе басқалардың көмегімен сонымен қатар адвокат көмегімен дисциплинарлық тергеу немесе педагог – психологтың кәсіби әдептілігінің бұзылуына байланысты   мекеме тергеуінде өз мүддесін қорғауға;
  5. Заңда қарастырылған жағдайдан басқа дисциплинарлық тергеудің нәтижесін құпия сақтау; 
  6. Өз біліктілігін арттыруға;
  7. Өз еркімен тиісті біліктілік санатының аттестатталуға өтініш беріп сәтті өткен жағдайда тиісті біліктілік санатын алуға; 
  8. Балалармен, үлкендермен өз бетімен жұмыстың міндеттерін айқындау, осы жұмыстың әдіс – тәсілдерін, жүргізілетін жұмыстың реттілігін анықтауға, белгілі бір кезеңде  жұмыстың басым бағыттарын айқындауға; 
  9. Кәсіби міндеттердің сәтті орындалуы үшін әкімшілік пен жоғары тұрған басшылардан жағдай жасалуын талап ету; 
  10. Педагог – психологтың жұмысының міндеттері мен кәсіби әдептілік принциптеріне қарама – қайшы келген жағдайда әкімшіліктің сұранысын орындаудан бас тартуға; 
  11. Білімі мен біліктілік санатына сәйкес оқу жүктемесін алуға; 


  1. Жауапкершілігі
    1. Педагог – психолог шара ұйымдастыруда тәрбиеленушінің өмірі мен денсаулығына жауапты, ҚР заңына сәйкес оқушының құқығы мен бостандығын бұзған жағдайда жауапқа тартылады. 
    2. Мектеп директорының заңды шешімдері мен тиісті нормативтік актілер, осы ережеде көрсетілген   лауазымдық міндеттерді, Жарғы мен мектептің ішкі тәртіп ережелерін атқармау немесе тиісті деңгейде орындамаған жағдайда педагог – психолог еңбек заңында көрсетілген тәртіптік  жауапқа тартылады. 
    3. Тәрбиеленушіге физикалық немесе психикалық күш көрсету (бір рет болса да) тәсілдерін  немесе қандайда бір болмасын әдепсіз (адамгершілікке жатпайтын)педагог – психолог еңбек заңы мен ҚР «Білім туралы» заңына сәйкес жұмыстан босатылады. Осы қылығы үшін жұмыстан босату тәртіптік жауапкершілікке жатпайды. 
    4. Мектеп пен білім үрдісіне қатысушыларға өзінің лауазымдық міндеттерді қолдана (қолданбаған) отырып зиян келтірген жағдайда педагог – психолог еңбек және азаматтық заңға сәйкес материалдық жауапқа тартылады. 


  1. Өзара байланысы. Лауазымындық байланыстары. 

Психологтьың жұмысын ұйымдастыру үшін оған кабинет беріледі. Кабинет жеке бөлме және оқушылар, ата – аналар мен мұғалімдерге әртүрлі бағыттағы жұмыстарды  ұйымдастыруға жағдай жасалған . Оған қажетті: психологиялық әдістемелер, әдістеме   парақтары т.б. 

Психологтың жұмыста болмаған кезінде (ауырғанда, іс сапарға кеткенде демалыста т.б.) оның міндетін тиісті квалификациясы бар адамға беріледі. 


Педагог – психолог: 

  1. Мектеп директоры бекіткен 36 академиялық сағаттық апталық жүктемемен құрылған кесте бойынша жұмыс жасакйжы, кестені құру барысында біліктілігін арттыру қажеттілігі де ескерілуі тиіс; 
  2. Оқу жылының барысына жылдық жоспар құрады. Жоспар мектеп директорымен әр тоқсанның 5 жұлдызына дейін бекітілуі тиіс. 
  3. Өз жұмысы туралы жазбаша түрде баспа жазумен жазылған 5 парақтан артық көлемде оқу жылының аяғында есеп береді. 
  4. Мектеп директоры мен әкімшілігінен нормативтік – құқықтық сипаттағы ақпаратты алады, тиісті құжаттарға қол қойып танысады. 
  5. Қалалық білім бөлімінің психологиялық қызмет жетекшісінен әдістемелік – ұйымдастыру сипаттағы ақпараттар алады; 
  6. Оқушылардың ата – аналарымен, мұғалімдермен тығыз байланыста жұмыс жасайды, мектептің әкімшілігі мен педаогогикалық ұжымымен тиісті өз біліктілігіне сәйкес ақпараттармен бөліседі. 




Нұсқаулықпен таныстым ___________________________

“__________”____________200   ж