Педагог психологтың қыздар жұмысы » «№14 мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар жалпы білім беретін орта мектебі»
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
"№14 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(726) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
март
2022

Педагог психологтың қыздар жұмысы

«Алматы облысы білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№14 мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық   мемлекеттік  мекемесі

Анықтама.


Қыркүйек  айының  20-сы күні « Сен қыз баласың! » тақырыбында

7-11 сынып қыздарына психологиялық кеңес айтылды. 

Мақсаты: Қыздарды сыпайылыққа,  өзінің  бойындағы бар ерекшелікті көре білуге,өміріміздің ең мәнді өзегі-тұлғалық тұрғыда толық  қалыптасқан парасатты қыз тәрбиелеу.


1.«Сәлемдесу салт жорағысы»Мектеп психологы Досалиева. Г  

«Мен кіммін? Мен қандаймын?» тренинг жаттығуымен бастады.Берері де, сұрауы да,жемісі де мол тәрбие саласының ең өзектісі. Сондай ақ біздің дана  халқымыз «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады,ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың»деп бекер айтылмаған.Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік ,мейірімділік,яғни адами құнды қасиеттерді сіңіріп,өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы  мен педагогтер шешуші роль атқаратыны белгілі.Қыз баланың өз ортасында  және   қоғамда өзін – өзі  ұстауына  басты талап айтылды. Баланы  жастан «Қызды қырық үйден тыю» мақалын  қолдана   отырып қыз  балаға түрлі  кеңестер   айтты. 

Мысалы: Сыпайы сөйлеуге,қыз  балаға не кисе де жарасады сол себепті өзінің дене бітіміне лайықты мектеп формасын киюге,үлкенді құрметтеуге, кішіге мейірімді болуға ,әдемі жүріп-тұруына,егер ата – ана,ұстазы ескерту жасаса,бірден ашу шақырып,дүрсе қоя бермей,  сабыр сақтауға  және жақсы сөйле,сөзің мінезіңе айналады,мінезің тағдырыңа айналады   деп  қыздардың  жан-жақты түсінігін қалыптастырды.  Қыз   баланың  бойындағы  ерекшелігіне байланысты Мектеп  оқушысы Әмірова.Н оқушыларға түсінікті болу үшін баяндама  оқыды. 14-16 жастағы жасөспірім қыздар жаңадан ғана бүр жарып келе жатқан гүл секілді.Сондықтан әрбір қыз балаға ата-анасын,туыстарын,ұстазын сыйлап,қадірлей білуді үйретсе,болашақта одан елін,жерін,халқын сүйетін,өз шаңырағын ардақтайтын,қайратты жан,нәзік ару шығары сөзсіз.Қыз баланың таным-түйсіктеріне сай ақыл айтып,жөн сілтеу де оңай емес.Себебі,әркімнің психологиясы әрқилы.Біреуге айтылған ақыл біреуге жақпауы мүмкін. Сондықтан бұл мәселелерге барынша абай болған дұрыс.





  Педагог психолог:                                 Досалева  Г.А

                                                                  Ахатова. М.К