ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІНЕ САРАПТАМА » «№14 мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар жалпы білім беретін орта мектебі»
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
"№14 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(726) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2021

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІНЕ САРАПТАМА

  1. Мектепішілік  әдістемелік жұмысының тақырыбы: “Мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдіру арқылы оқыту мен оқудағы оқушылардың тұлғалық құзыреттілігін дамыту».
Жетекшісі директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары М. Б. Еменова
Мақсаты: Нәтижелі білім бере отырып, педагог мамандардың кәсіби құзыреттелігін ұйымдастыру, оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру.
 Міндеті:
 - Пәндердің оқытылуына қадағалау жасау;
 - Педагогикалық қызметке аналитакалық талдау жасау, диагностикалық болжау, мониторинг жүргізу;
 - Алдынғы қатарлы озық тәжірибелерді жинақтау, насихаттау, тарату;
 - Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету;
 - Дарынды балаларды олимпиадаларға, ғылыми жобалар байқауына дайындаудың тиімді жолдарын қолдануға бағыттау.
 - Оқыту процесінде нәтижелі білім беру арқылы оқушылардың фунционалды сауаттылығын қалыптастыру.
 Күтілетін нәтиже:
 - Үздік білім ресурстары мен технологияларды қолдану арқылы оқыту сапасы арттыру арқылы оқушылардың функционалды сауаттылығы арттырылады, мектептегі озық тәжірибелер жинақталып таратылады.
 Мектептегі оқыту әрекеттері оқу – тәрбие жұмысы мен әдістемелік жұмыс арқылы жүзеге асырылады. Мектептің барлық жұмыс жүйесін тұтастай байланыстыратын мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін арттырудың басты құралы әдістемелік жұмыс болып табылады. Мектептің әдістемелік жұмысының рөлі қазіргі заман жағдайында оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдістемелерін, тәсілдері мен түрлерін тиімді қолдануға байланысты артып отыр.
 Мектептің әдістемелік жұмыс жүйесі  келесінормативтік - ақпараттық құжаттармен реттеледі:
 
-ҚР «Білім туралы» Заңы;
 -Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;
 -ҚР «Тіл туралы» Заңы;
 - 2020-2021 оқу жылында ҚР жалпы орта білім беру оқу мекемелерінде ғылым негіздері оқытылуының ерекшеліктері туралы» нұсқаулық-әдістемелік хаты.
 -Мектеп жарғысы;
 - Мектепішілік бақылау жұмыс жоспары басшылыққа алынды
 - Мектептің жылдық жұмыс жоспары
 Мектептегі әдістемелік жұмысының бағыттарына тоқталсақ
 
- Педагогикалық кадрлармен жұмыс;
 - Әдістемелік бірлестіктермен жұмыс;
 - Пәндер апталықтарды дайындау мен өткізу;
 - Деңгейлік курстар бойынша жұмыстар;
 - Пәндік семинарлар, дөңгелек үстел , конференциялар;
 - Пәндік бақылау, зерттеу жұмыстары;
 - Мемлекеттік құжаттармен жұмыс.
 2020-2021 оқу жылындағы әдістемелік жұмыс жоспары 2019-2020 оқу жылының талдау негізінде құрылған, жаңа оқу жылының тұжымдарымы мен ұстанымдарын есепке ала отырып, мектеп жұмысының кешендік жоспарына сәйкес жүргізілді.
 Әдістемелік   жылдық жұмысын сараптай келе жалпы мектеп педагогтардың жалпы саны-61, оның ішінде жоғары білімдісі – 47, арнаулы орта -14. Педагог кадрдардың потенциалы – 77,5 %. Оның ішінде санаттары бойынша
 Ø Жоғары санатты -2 /3,2%/
- Педагог-зерттеуші – 8 /13,3%/
 Ø І санатты -11 /18%/
 Ø Педагог-сарапшы - 9 /14,7%/
Ø ІІ санатты -5 /8,1%/
 Ø Педагог-модератор -7 /11,4%/
Ø Санаты жоқ –19 /31,14%/
 Мектепте 6 әдістемелік пән бірлестігі жұмыс істейді ол «Атамекен», «Пифагор», «Балауса» қаз. сын.,   «Балауса»орыс сын, «Лингвист», «Өнер».   1.09.2020 ж № 106-ө бұйрығымен ӘБ жетекшілері тағайындалды, «Атамекен» - Кокужукова А. А., «Пифагор» - Октябрь Р., «Балауса» қаз.сын., - Сапаргазаева Н. Р., «Балауса» орыс сын – Поважнина Н. А., «Лингвист» - Керимбаева А.К., «Өнер» -Нұрғазы С. Т.
 Әр бірлестіктің сапалық құрамына талдау жүргізу нәтижесінде:
ПәндержалпыжоғарыПедагог-зерттеушіІ санатПедагог- сарапшыІІ санатПедагог- модераторСанаты жоқ 
 
 
«Атамекен»
қазақ тілі мен әдебиет
61112001
«Лингвист»
орыс тілі мен әдебиет, тарих, ағылшын тілі
110221114
«Пифагор» математика, физика, информатика, химия, биология, география, самопознание161312126
«Балауса» қазақ
бастауыш сынып
110223022
«Балауса» орыс бастауыш сынып50030101
«Өнер» дене шынықтыру, еңбек, музыка120021225
Жалпы61281195719

 2.ОПТ - ны бір жүйеге келтіру және қолдану Зерттеу
Қыркүйек айының 1-інен бастап ұстаздар бүкіләлемдік пандемияға байланысты карантин талаптарын орындауда,сабақты онлайн түрінде өткізуді бастады. Осы жағдайға қарамастан, мұғалімдердің кәсіби, әдістемелік шеберліктерін, теориялық білімін жетілдіру бағытындағы жұмыстар  жыл басындағы бекітілген жоспарға  сәйкес онлайн түрінде асырылды. Әсіресе, әдістемелік журналдар мен басылым беттеріне іс -тәжірибе тарату мен  білім жетілдіру курстарынан өту, мектепішілік онлайн шараларға қатынасу деңгейі жоғары болды. Оқушылардың білімділік, икемділік, дағдылық, іскерлік сапасын көтеру мақсатында  ЗУМ, ВАЦАП арқылы шаралар өтілді. Әр шараға нақты  бекітілген мұғалімдер  басшылық етіп, өз деңгейінде  өткізе білді.   Әр сыныппен жұмыс істеу барысында ұстаздар қауымы өздерінің «өзекті» мәселелері төңірегінде  жұмыс жасады. 
Орта білім беруді жаңартылған мазмұнға көшіру аясында сабақтар өткізу,  тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді жоспарлау, оқу мақсаттарын дұрыс пайдалану, критериалды бағалау жүйесін оқу үдерісіне тиімді енгізу және сауатты қолдану бағытында әдістемелік көмек көрсету және ОПТ тарату мақсатында бастауыш сынып мұғалімі Н.Р.Сапаргазаеваның Республикалық педагогикалық ғылыми-әдістемелік №11(15) «Ұстаз шапағаты» журналында «Ілік септігі» тақырыбында сабағы жарияланды, сонымен қатар 2021 жылы бастауыш сынып мұғалімдері Ивашева С. В. мен Поважнина Н. А. «В мире грамматики», тарих пәні мұғалімдері Иманбаева Ш. С. мен Керимбаева А. К. «Алаштану»  атты авторлық бағдарламаларын құрастырып тәжірибелерін таратты.
3.Ғылыми - тәжірибелі конференцияны өткізуге дайындық
1. Оқыту семинары: "Қашықтан оқыту кезіндегі ағымдық бақылау. Бағалау әділдігін сақтау жолы» /Еменова М. Б., Нүсіпжан Е. Қ./
2. Оқыту семинары: "ББЖ/ТЖБ тапсырмаларын дайындауға қойылатын талаптар"/Еменова М. Б., Нүсіпжан Е. Қ./
3. Коучинг «Сабақта сын тұрғысынан оқыту стратегиясын қолданудың маңызы » /Еменова М. Б./
4. Оқыту семинары: «Оқушылардың функционалдық  сауаттылығын  қалыптастырудың  тұжырымдамалық  тұғырлары» /Курмангалиева Б. Е./
5. Дөңгелек үстел: Аттестатталушы мұғалімдердің теориялық білімін көтеру бойынша тәжірибесімен бөлісу /ӘБЖ, Еменова М. Б., Нүсіпжан Е. Қ./
6.Семинар: «Оқушылардың өмірлік маңызы бар қимыл-қозғалыс біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру» /Бурабаева А./
7. Дөңгелек үстел «Білім мен тәрбие егіз»/ ӘБЖ, тәлімгерлер/
4..Әдістемелік онкүндіктер өткізу және дайындық
   Мектептің жылдық жоспары негізінде көрсетілген мерзімде онкүндіктер онлайн түрінде ЗУМ, ВАЦАП платформалар арқылы өткізілді. Онкүндіктер бойынша   жоспарлары, фото-видео отчеттары өткізілген. 18– 28 қыркүйек аралығында «Атамекен» ӘБ (қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің), 12– 23 қазан аралығында «Балауса» ӘБ (бастауыш сынып мұғалімдерінің), 16– 27 қараша аралығында «Пифагор» ӘБ (математика, физика, информатика, химия,биология пән мұғалімдері),  18 – 29 желтоқсан аралығында  «Лингвист» ӘБ (орыс, ағылшын тілі, тарих пәні  мұғалімдері), 15.02 – 26.02  аралығында  жас мамандар,   8 – 12 ақпан  аралығында Өзін өзі тану пән мұғалімдерінің ,  1  - 12 наурыз аралығында  «Өнер» ӘБ (Дене тәрбиесі ,еңбек, музыка, сүрет пән мұғалімдерінің ) -   онкүндіктері өтті. 
Осыдан келесі оқу жылында барлық әдістемелік бірлестіктерге пәндерді оқытылуын зерделеу мен пән онкүндік барысында педагогикалық оқулар ұйымдастыру, жоғары санатты және деңгейлік курс бітірген пән мұғалімдердің шығармашылық есеп беру, педагогикалық зерттеу жұмыстарымен бөлісу, пәндік үйірмелердің шығармашылық бағыттағы жұмыстары мен пәндік көрмелер, дарынды балаларға арналған марафон мен интеллектуалдық ойындар, оқушылардың шағын зерттеу,  шығармашылық жобаралын қорғау жұмыстарын ұйымдастыру мен өткізу ұсынылады.Жұмыстары қанағаттанарлық деп бағаланды.
 
 
5. Дарынды балалармен жасалған жұмысқа талдау
Дарынды балалар – мемлекеттің және халықтың рухани байлығы. Сол себепті дарынды оқушыларымыздың талабын одан әрі ұштай түсу мақсатында мектеп бойынша «Дарын» бағдарламасы аясында жұмыстар жүргізілуде. Жыл сайын «Дарын» бағдарламасына сәйкес әр пән бойынша «Ақбота» , олимпиада, Дарын, Зерде, МАН конференцияларына тағыда басқа әр-түрлі қашықтық  зияткерлік жарыстарға біздің мектеп оқушылары қатысып жүлделі орындарды иеленеді. Бұның өзі оқушыларымыздың жан-жақты білім алып, мұғалімінің жетекшілігімен өзіндік ізденісінің айғағы болып табылады.
      Н Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Біздің болашақтағы жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет»делінген.Сондықтанда да,оқушылардың ғылыми-инновациялық біліктіліктерін қалыптастыру қажетілігін ескерсек, дарынды оқушымен жұмыс істеудің негізгі мақсаты- олардың ғылыми шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру.
    Мектебімізде 2020-2021 оқу жылының қыркүйек айында пән мұғалімдері оқушылардың ой-өрісін зерттеу арқылы дарынды оқушыларды анықтап,   жұмыс жоспарларын бекітті. І тоқсанда мұғалімдер оқушылармен бағытталған жұмыстар жүргізіп, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін анықтап, қашықтық пәндік олимпиадаларына және инттелектуалдық сайыстарына қатысуына мүмкіндік жасады.
     Әр ӘБ пәндер бойынша олимпиада, Дарын, Зерде, МАН конференцияларына қатысатын  оқушылар туралы мәлімет алды.
Мектепішілік олимпиадаға қатысатын оқушылармен дайындық жұмыстары жүргізілді. Пәндік олимпиада материалдары  дайындалды. 
2020-2021 оқу жылы ішінде  онлайн түрінде  мұғалімдер өз пәндері  бойынша оқушыларды  республикалық, халықаралық қашықтық олимпиадаларына қатыстырып, өз еңбегінің нәтижесін көрсетіп І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Оның ішінде: Республикалық «Мұрагер» балалар мен жасөспірімдер орталығының 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай Республикалық «Тәуелсіздік –жыр, әнім» жасөспірімдер мен балалар шығармашылық  байқауына қатысып Ғ. Ш. Ходжанованың шәкірті Құралбай Арайлым көркем сөз номинациясынан Бас жүлде иегері болды. Ал І-орынды Көркем сөз номинациясы бойынша Дүнгенбай  Ыдырыс алды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сулейменова Г. Е. 11 «а» сынып оқушысы Г. Мұратқанованы және Жаникеева Л. А.9б сынып оқушысы Я. Чернованы аудандық «Дарын» ҒПК-ға қатыстырды. Мұратқанова Г. А.Құнанбаевтың 17-ші қара сөзі «Ақыл, Қайрат, Жүрек» жобасын қорғап,  І-ші орынды иеленді, облыстық «Дарын» ҒПК-на қатысып ІІ дәрежелі дипломға ие болды. Чернова Я. "Звуковые образы в стихотворениях Тютчева о природе" жобасын қорғап, ІІІ орын алды. Сонымен қатар   «BALA DARYN» балалар мен жасөспірімдер байқауы жобасының ұйымдастыруымен, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Әлем таныған Абай » жобасына «Күз» атты өлеңін мәнерлеп оқудан республикалық байқауына Мулик Мәрзияның   тәрбиеленушісі  0 «ә» сынып оқушысы Жанарбай Райяна  l дәрежелі дипломмен марапатталды. «Дарын-лэнд» интеллектуалды орталықтың халықаралық «Русский медвеженок» сайысына қатысып Диханбай Кәусар І дәрежелі дипломды иеленді. Ал Жұмағали Айару халықаралық ағылшын тілінен «BRITISH BULDOG» сайысына қатысып, ІІ дәрежелі диплом алды.
Aудандық «Дарын» ҒПК
Оқушының аты-жөніСыныбы Пәні Оқыту тіліЖобаның атауыЖетекшінің аты-жөніОрын 
1Мұратқанова Гулназ 11 аҚазақ тіліқазақА.Құнанбаевтың 17-ші қара сөзі «Ақыл, Қайрат, Жүрек»Сулейменова Г. Е..І орын
2Чернова Яна Александровна9 бӘдебиет орыс"Звуковые образы в стихотворениях Тютчева о природе"Жаникеева Лязат АбаевнаІІІ орын
2020-2021 оқу жылында қашықтық облыстық  «Зерде» Конференциясына 4-7 сынып аралығындағы оқушылар қатысты.
Оқушының аты-жөніСыныбы Пәні Оқыту тіліЖобаның атауыЖетекшінің аты-жөні
1Мұратқан Жанерке Берікқызы1Дүниетану қазақСарымсақтың пайдасыШидербаева Меруерт Мухаметкаримовна
2Әбдіхалық Балжан
                 4қазаққазақАсқабақтың сырлы әлеміДалиева Акерке Молдабековна
3Аманжол Арайлым Уланқызы7Қазақ әдебиетіқазақБауырсақ - ұлттық тағамСулейменова Гулмира Елеусызовна










      2020-2021 оқу жылы бойынша дарынды оқушылармен жасаған жылдық жұмыс жоспары өз деңгейіне жетті. 2019-2020 оқу жылымен салыстырғанда 2020-2021 оқу жылында дарынды балалар көрсеткіштері 15% өсті. Себебі әр мұғалім  сабақта оқушының ой-өрісінің өсуіне жағдай жасап, оқуға деген белсенділігін дамытып, арттырып отырды. Адамгершілікке, жақсы қасиетерді бойына сіңіріп өсуіне ықпал жасады. Сонымен қатар мектептің соңғы 3 жылдағы білім сапасы көрсеткішінің өсуі бар.
 
 
Оқу жылдарыБілім сапасыАйырмашылығы
 
 
2017-2018 оқу жылының қорытындысы  51%
2018-2019 оқу жылының қорытындысы  55%+4
2019-2020 оқу жылының қорытындысы  59%+4
2020-2021 оқу жылының қорытындысы  62,1%+3,1

 
 
 
      Әдістемелік пән бірлестік жетекшілері жыл бойы жүргізілген  жұмыстарының,   отырыстарының, онкүндіктерінің   жоспарларын, хаттамаларын,   іс-құжаттарын  жүйелеп, 13 параметрде өзіндік  бағалау диагностикалық  картасын жасап,  осы   параметрде  өзіндік  бағалау   жазған анықтамасының  негізінде 6 әдістемелік пән бірлестігінің   салыстырмалы диагностикасы   жасалынып,  өсу  және   кему  аймағы  айқындалып, мұғалімнің сабақ берудегі іс-әрекетін сарапталып, талданған ақпараттары есепке алынып, диагностикасы, мониторингісі жасалды. 
 ӘБ өзіндік   бағалау диагностикалық  картасы


«Балауса» ӘБ (қаз)«Балауса» ӘБ (орыс)«Пифагор» ӘБ«Атамекен» ӘБ«Лингвист» ӘБ«Өнер» ӘБ
1Жоспарлау деңгейі.766767
2Шығармашылық пен жұмыс істейтін мұғалімдер.555767
3Тақырыппен жұмыс істеу деңгейі.777777
4Білім жетілдіруі курстары.777777
5Өзара сабаққа қатынасу деңгейі656666
6Сабақты талдау деңгейі.555555
7Өзіндік талдау деңгейі.665656
8Озық іс-тәжірибемен танысу, тарату, қолдану деңгейі.666666
9Аттестация, ұсыныс алған мұғалімдер мен жұмыс деңгейі.777777
10Ашық сабақтар, семинарлар және т.с.с.666666
11Пән олимпиадалары, сайыстар.557766
12Өзіндік білім жетілдіру деңгейі.777777
13Жас мұғалімдер мен жұмыс, тәлімгерлік.776667
ҚОРЫТЫНДЫ:817980848384
Әдістемелік   жұмысты ұйымдастыру  деңгейін  бағалау.

Балл

Мұғалімдердің шығармашылық жұмыс істеуіне жағдайдың жасалуы.6

Әдістемелік кабинеттің жұмысы.7

Жалпы мектептің педагогикалық мәселесінің шешілуі бойынша жұмысты ұйымдастыру.7

 Мектептің әдістемелік бірлестіктерінің жұмысы.6

Педагогикалық шеберлік мектебінің қызметі.7

Жас     мұғалімдер мектебінің қызметі.7

Ұжымдық жұмыс түрлерінің  деңгейлі, үздіксіз жұмыс істейтін семинар, ғылыми –практикалық конференция.7

Шеберлікті жетілдірудің  жеке формалары .5

Мектеп басшыларының сабақтарға қатысуы мен -сараптамалық талдау жасауы.5

Озық     педагогикалық іс-тәжірибені     оқып үйренуі , жинақтап  таратылуы.6

Мектеп әдістемелік кеңесінің қызметі.7
1-2 –жіберуге болмайтын,   3-5 қауіпті,   6-7 жеткілікті,  8-10 оптималды
Қорытындылай келе, мектептің ғылыми - әдістемелік жұмысы жүргізілуі қаңағатанарлық деңгейде. Дегенмен пән мұғалімдер мен пән бірлестіктерінің жыл бойы жұмыстарына сараптама жасай келе жеткен жетістіктермен қатар кемшілік тұстарыда орын алды.
 Кәсіби байқаулар мен пән мұғалімдердің авторлық бағдарламаларды дайындауға көбірек көңіл бөлу керек, және пед оқуларға қатысу орын алмады.
 Жоғарыда аталған барлық кемшіліктерді айқындай отырып, ғылыми –әдістемелік кеңес пен әдістемелік пән бірлестіктерінің негізгі міндеттері ретінде қабылдау керектігі ескеріледі.
 әдістемелік кеңестің 2021-2022 оқу жылына қойылған міндеттері :
 1. Педагогикалық шығармашылықты іс-әрекеттің өздігінен іске асыру мақсатында әдістемелік бірлестік жұмысты жүйелі түрде ұйымдастыру.
 2. Жас мамандарға әдістемелік-ақпараттық көмек көрсету.
 3. Материалды техникалық базаны нығайту мақсатында кабинеттерді әдістемелік құралдармен жабдықтау.
 4. Әдістемелік пән онкүндіктерінің іс шаралар жоспарын түрлендіру;
 5. Сараптамалық талдау жұмыстарын жүйелендіру
 6. Озық тәжірибелі пән мұғалімдернің шығармашылық есеп беруін қолға алу.
 7. Авторлық бағдарламаларды дайындау мен іс тәжірибесін тарату;
 8. Оқушылардың құзыреттілігін дамыту мақсатында шағын жобалар мен зерттеу және шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыруды қолға алу;
 9. Педагог қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін дамыту мақсатында кәсіби байқауларға қатыстыру.
 10. Дарынды балалармен жұмыс бағытында оқушылардың демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында каникулдар мерзімінде түрлі байқау іс шараларын өткізу.