Мұхтар Әуезов (1897-1961) » «№14 мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар жалпы білім беретін орта мектебі»
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
"№14 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(726) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
сентябрь
2021

Мұхтар Әуезов (1897-1961)

Қазақтың көрнекті жазушысы, академигі, драматургы, ғалымы және қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезов-1897жылы Семей облысында дүниеге келген. Жас кезінен бастап ізденіп, білімін кеңейтіп,өмірінің соңына дейін әдебиет саласында тынымсыз еңбек етті. Мектептің 5-ші сыныбында оқып жүрген кезде,оның алғашқы шығармасы "Дауыл"жарық көрді. Ал,ең алғашқы пьессасы "Еңлік-Кебек" деп аталады.Совет үкіметі билікке келген соң Семей облысының саяси-қоғамдық өміріне белсене араласты. 1918жылы Жүсіпбек Аймауытовпен бірге,"Абай"журналын шығара бастады.
    Мұхтар Әуезовтың "Абай жолы" романы-қазақ әдебиетінің ең атақты туындысы болып саналады. Бұл романда-Абайдың өмірі және 19 ғасырдағы қазақ қоғамының тұрмысы сипатталған. Осы шығарма үшін ол сол кездегі ең құрметті марапаттардың бірі-Ленин сыйлығына ие болды. Мұхтар Әуезовтың шығармалары өз өзектілігін жоғалтқан жоқ, автордың пьесалары әлі күнге дейін театр сахналарында қойылып келеді.
     Мұхтар Әуезовтың туындылары әлемдік әдебиеттің айдынына мөлдір бұлақ болып құйылып, күллі адамзатқа ортақ рухани қазынаға айналды. Кітапханамызда Мұхтар Әуезовтың шығармалары "Абай жолы","Қорғансыздың күні","Кінәмшіл бойжеткен" т.б кітаптарын мектеп оқушылары оқып тұрады.